телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
Мұғалімдер ұжымы

18 мұғалім

Тогтасын Жанаргүл
Тогтасын Жанаргүл
Тогтасын Жанаргүл-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.  1980 жылы 2 тамыз дүниеге келген. Білімі жоғары.  2001-2006 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын аяқтады. Аталған мектепте 2006 жылдан бастап жұмыс атқарады. 2014 жылы 3 айлық курс бойынша  ІІ деңгейді оқып бітірді.
Мазанова София Рахановна
Мазанова София Рахановна
Мазанова София Рахановна - психолог. 5 желтоқсан 1978 жылы туған. Білімі - жоғары. Еңбек өтілі - 11 жыл. Санаты - бірінші. 2005 жылдан бастап С.Сатыбалдин атындағы орта мектепте жұмыс істейді. 
Шакилов Ибрагим Айткалиевич
Шакилов Ибрагим Айткалиевич
Шакилов Ибрагим Айткалиевич - алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. 21 қараша 1988 жылы туған. 1995 жылы 1 сыныпқа барып 2008 жылы мектепті бітірген. 2008 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтына АӘД пәні мұғаліміне түсіп, 2012 жылы білім алып шықты. Білімі - жоғары. Еңбек өтілі - 2 жыл. Санаты - жоқ. 2012 – 2013 жылдары Майқарағай мектебінде жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары әскери борышын өтеді. 2014-2015 жылдары аталған мектепте жұмысын жалғастырды. 2015 жылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне жұмыс істейді.
Ермуханова Айнур Гафуровна
Ермуханова Айнур Гафуровна
Ермуханова Айнур Гафуровна - өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі. 29 шілде1992 жылы туған. 1999 жылы 1 сыныпқа барып, 2010 жылы  мектепті тәмәмдады. 2010 жылы Алматы қаласындағы Адамның үйлесімді дамуы Гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, 2013 жылы аяқтады. Білімі - арнаулы орта. Санаты - жоқ. Еңбек өтілі - 2 жыл. 2013 жылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне жас маман «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта осы аталған мектепте жұмыс атқаруда.
Айгожин Куан Сагдатович
Айгожин Куан Сагдатович
Айгожин Куан Сагдатович - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 29 шілде1992 жылы туған. 1999 жылы 1 сыныпқа барып, 2010 жылы  мектепті тәмәмдады. 2010 жылы Павлодар педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, 2013 жылы аяқтады. Білімі - арнаулы орта. Санаты - жоқ. Еңбек өтілі - 2 жыл. 2013 жылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне жас маман ретінде жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта осы аталған мектепте жұмыс атқаруда.
Шакенова Шынар Қалиакпаровна
Шакенова Шынар Қалиакпаровна
Шакенова Шынар Қалиакпаровна - бастауыш сынып мұғалімі. 4  сәуір 1976 жылы туған.   Білімі - жоғары. Санаты - екінші. Еңбек өтілі - 13 жыл. 2003 жылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне даярлық тобының тәрбиешісі ретінде   жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта осы аталған мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқаруда.
Магзумов Талгатбек Уахитович
Магзумов Талгатбек Уахитович
Магзумов Талгатбек Уахитович - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. 19 сәуір 1978 жылы туған. 2007 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша аяқтады. Білімі - жоғары. Санаты - бірінші. Еңбек өтілі - 8 жыл. 2007 жылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта осы аталған мектепте жұмыс атқаруда.
Казыканова Алия Калиардамовна
Казыканова Алия Калиардамовна
Казыканова Алия Калиардамовна - математика және физика пәнінің мұғалімі. 9 наурыз 1970 жылы туған. Білімі - жоғары. Санаты -жоғары. Еңбек өтілі - 20 жыл. 1995 жылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне математика және физика пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта осы аталған мектепте жұмыс атқаруда.  
Агинбаева Райса Дюсенбаевна
Агинбаева Райса Дюсенбаевна
Агинбаева Райса Дюсенбаевна - бастауыш сынып мұғалімі. 9 қаңтар 1961 жылы туған.  Білімі - жоғары. Санаты - жоқ. Еңбек өтілі - 24 жыл. 2009 жылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне кітапханашы ретінде жұмы жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта осы аталған мектепте бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмыс атқаруда.
Айтжанова Гульзия Молдагалиевна
Айтжанова Гульзия Молдагалиевна
1956 жылы 15 тамызда Ақтөбе облысы, Қобда ауданына қарасты Акраб ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданы, Михайловка ауылында 1-ші сыныпқа барып сол мектепті 1973 жылы аяқтады. 1974 жылы Семей қаласындағы Н.Крупская атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану факультетіне оқуға түсіп, аталған жоғарғы оқу орнын 1979 жылы аяқтап, диплом алып химия-биология пәні мұғалімі болып Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылында мектепте жұмысын бастады. Осы мектепте үзбей еңбек етіп келеді. 1979 жылдан 1996 жылға дейін мұғалім, 1996-2001 жылдар аралығы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін аталған мектептің басшысы болып еңбек етеді. Жетістіктері: 1. 1997ж, 2005ж, 2011ж. жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2. 2010ж. облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 3. 2011 ж. облыстағы сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталды. 4. 2012 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Тәуелсіздіктің 20 жылдық медалімен марапатталды.