телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
Ата-аналар арасында критериалды бағалау, БЖБ және ТЖБ өткізу мәселелері

Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Д.Болатханның 27.10.2019 жылғы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 22 қараша күні ата-аналарға «Ата-аналар арасында критериалды бағалау, БЖБ және ТЖБ өткізу мәселелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мектеп директоры К.К.Султангазин 2019-2020 оқу жылында 4,9,11- сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшкенін айтты. Жиналыс барысында балл қою кестесі, білім алушының портфолиосы, дескриптор, жиынтық бағалау, кері байланыс,критериалды бағалау,қалыптастырушы бағалау, бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал бойынша  түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асатыны, мұғалімнің кері байланысына назар аударып, оқуда нәтижелерге қол жеткізу үшін балаларға қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы айтылды.

Жиынтық бағалауды ата-аналарға слайд, кестелер, сызбалар, суреттер, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы түсіндірме жұмыстары жасалды. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау) тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта,  және жалпы орта), сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектесетіні туралы сөз болды. Әрбір жиынтық бағалау тапсырмаларынан кейін ата-аналарға арналған рубрика жүйесінің тиімділігіне тоқталып өтті. Әр ата-ана өзінің баласының оқу деңгейін бақылап отыратындығына тоқталды. Жиналыс соңында ата –аналарға маңызды кеңестер берілді.

Директордың әдістеме жұмысының орынбасары: Исагулова Г.О.