телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Администрация

.

Камбарова Күнсұлу Ерболатқызы
Камбарова Күнсұлу Ерболатқызы
ЛАУАЗЫМЫ: Оқу  ісі -  жөніндегі директордың орынбасары. Камбарова  Күнсұлу Ерболатқызы 1978 жылы 30 наурызда дүниеге келді. 1984 жылы Лебяжі орта мектебінің 1-ші сыныбына барып, 1995 жылы осы мектептің 11 сыныбын аяқтады.  1995 жылы Павлодар қаласындағы Павлодар Университетінің «Бастауыш сынып мұғалімі», «Педагогика және бастауыш мектепте оқытудың әдістемесі» факультетіне түсіп, 1999 жылы аяқтадым. Лебяжі қазақ орта мектебіне жұмысқа орналасты.  Еңбек өтілім 20 жыл. Бірінші санатты мұғалімі. Оқыту процесінде әртүрлі жаңа әдіс- тәсілдерді тиімді пайдаланады. Әрдайым ізденіс үстінде жүретін мұғалімі. Білімімді жетілдіру мақсатында Павлодар қаласында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын тәмамдады.
Нуртазина Гульмира Абаққызы
Нуртазина Гульмира Абаққызы
ЛАУАЗЫМЫ: ғылыми-әдістемелік ісі  жөніндегі директордың орынбасары.   Нуртазина Гүлмира Абаққызы 1968 жылы қазанның 6 күні Лебяжі ауданы Щарбақты ауылында өмірге келді.  1988 жылы Екібастұз педагогикалық училищесің бітіріп, бастауыш сынып мұғалім ретінде жұмыс істеді. Жалпы педагогикалық  еңбек өтілі 18 жыл. Лебяжі ЖОББМ-де 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Білімі жоғары, санаты бірінші. 2006 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтының тарих және география  факультетін тәмамдады. Тарих пәнінің мұғалімі ретінде 2008 жылдан бастап жұмыс  істейді. 2012 жылында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей Кембридж бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтап, сабақ барысында жаңа технологиялармен қолданады. 2014-2015 оқу жылынан мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары болып істейді.  
Хадыс Табарак
Хадыс Табарак
ЛАУАЗЫМЫ: Оқу  ісі -  жөніндегі директордың орынбасары. Хадыс Табарак 1972 жылы 04 қараша күні Монголия Республикасы, Баян-Ульгий аймағында дүниеге келген. 1997 жылы Павлодар Мемлекеттік Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдады. Еңбек жолын Жамбыл орта мектебінде бастаған. 2005-2006 оқу жылынан бері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін орындап келеді. Облыстық «Жыл мұғалімі» сайысының жүлдегері. Жоғары санатты, І деңгейдің сертификатталған ұстазы.   
Абуов Женисбек Толеубекұлы
Абуов Женисбек Толеубекұлы
ЛАУАЗЫМЫ: Тәрбие ісі -  жөніндегі директордың орынбасары.  ТУҒАН ЖЫЛЫ:  09.05.1975  
КАЛИЕВА ГҮЛЖАНАТ ҚАРАТАЙҚЫЗЫ
КАЛИЕВА ГҮЛЖАНАТ ҚАРАТАЙҚЫЗЫ
ЛАУАЗЫМЫ: Мектеп директоры.  1973 жылы 28 шілдеде Павлодар облысы Лебяжі ауданы  Ленин ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебін тәмамдап, Екібастұз педагогикалық училищесіне «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына түсіп, 1992 жылы бітірді. Еңбек жолын 1992-1997 жылдары Лебяжі ауданының Тақыр негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастады; 1997-2001 жылдары – Ленин негізгі мектебінде; 2001-2008 жылдары– Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. 2008-2009 жылдары – Павлодар облысының Екібастұз қаласының №7 гимназия-мектебінде бастауыш сынып мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды; 2009-2012 жылдары – Лебяжі ауданының білім бөлімінде әдіскер, сектор меңгерушісі қызметін атқарды; 2012-2013 жылдары –Лебяжі ауданының әкімшілік аппаратында құжаттамалық және бақылау бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етті; 2013-2016 жылдары – Лебяжі ауданының білім бөлімінде әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2017 жылдың қаңтарынан – Лебяжі ауданының Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып тағайындалды. Білімі жоғары С.Торайғыров атындағы ПМУ 2003 жылы бітірді, жалпы педагогикалық  еңбек өтілі 23 жыл,...