телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Администрация

.

Батталова Жайрангуль Кайсановна
Батталова Жайрангуль Кайсановна
С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры.                     18 шілде 1977 жылы туған. Білімі жоғары, 1994-1998 жж.С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін математика және информатика мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілі-21 жыл,  санаты-жоғары. 2005 жылдан бастап С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде математика және информатика пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасайды, 2011 жылдан директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары. 2016 жылдан бастап С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ директоры. Жеткен жетістіктері: 2006-2008 жылдары аудандық кәсіподақ ұйымының грамоталары; 2007 жылы Информатика пәні бойынша мұғалімдер арасында өткізілген аудандық олимпиадасында ІІІ орын алғаны үшін білім бөлімінің грамотасы; 2008 жылы аудандық «Педагогикалық шеберлік-2008» І орын; 2008 жылы «Білім мекемесінің әдістемелік жұмысының таңдаулы моделі» атты аудандық әдістемелік бірлестіктер байқауында ІІІ орын алғаны үшін Лебяжі аудандық білім бөлімінің грамотасы; 2008 жылы «Жыл мұғалімі» сайысының жеңімпазы; 2010 және 2015 жылы мектепішілік жыл рейтингісінің қорытындысы бойынша жеңімпазы; 2008 және 2014 жылы Ямышев ауылдық округ әкімінің Құрмет грамотасы; 2012 және 2015 жылы Лебяжі ауданының...
Жумаханова Шолпан Калеловна
Жумаханова Шолпан Калеловна
Оқу ісінің меңгерушісі Жумаханова Шолпан Қалеловна – еңбек өтілі – 29 жыл, санаты – жоғары.   1964 жылдың 2 қыркүйегінде Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызыл-Қоғам муылында дүниеге келген. 1971 жылы Лебяжі ауданының Қызыләскер негізгі мектептің 1-шы сыныбына келіп, 1979 жылы 8-сыныпты аяқтады. 1979-1981 жылдары Потанин орта мектебінде орта мектепті аяқтады.  1981 жылы Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1986 жылы физика және математика пәнінің мұғалімі мамандыға бойынша бітіріп шықты.  Еңбек жолын 1986 жылы Ямышев орта мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1988-1989 жылдар аралығында Қызыләскер мектебінде жұмыс істеген. 1989-1993 жылдары Екібастұз қаласында №22 балабақшасында тәрбиеші болып қызмет етті. 1993 жылдан бастап С.Сатыбалдин атындағы орта мектепте қазіргі уақытқа дейін қызмет етіп жатыр. 2009 жылдан бастап оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқаруда. Жетістіктері: 1. 2007ж, 2008ж. мектеп әкімшілігінің Мақтау грамотасы. 2. 2013 ж. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасы. 3. 2013 ж. Павлодар облысының кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы. 
Жакупбекова Инкар Муратовна
Жакупбекова Инкар Муратовна
Жакупбекова Инкар Муратовна - информатика пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1 қыркүйек 1981 жылы туған. 2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын информатика мамандығы бойынша аяқтады. Білімі - жоғары. Санаты - бірінші. Еңбек өтілі - 12 жыл. 2005 жылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебіне аға тәлімгер ретінде жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта осы аталған мектепте информатика пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс атқаруда, 2017 жылдың желтоқсан айынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 
Иманова Айжан Калиоллаевна
Иманова Айжан Калиоллаевна
директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.                                    1977 жылы, 21 - ақпанда туған. Білімі жоғары: Пед.колледж -1992-1996ж Бастауыш сынып мұғалімі, 2002-2005ж - ПГПИ тарих-география пәні мұғалімі. Еңбек өтілі - 16 жыл, санаты - 1. 2000ж бастап С.Сатыбалдин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқаруда.                                     Мұғалімнің  жетістіктері: Республикалық деңгей:2015 жылы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаты.                                                              Аудандық деңгей:2015 жылы Аудандық мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімдері арасында ІІІ орын, мадақтама. 2016 жылы Аудандық сынып жетекшілер байқауында ІІ орын, мадақтама.                 "Нұр Отан" партиясының Алғыс хатымен...