телефон доверия
87183921303
Меню
С днем учителя!
Сабақты болдырмау туралы ақпарат
Полезно
Статистика
За год31268
За месяц2125
За неделю353
Вчера45
Сутки4

Объявления (Школы)

Телефон доверия кризисного центра КГКП "Областной психоневрологический диспансер" управления здравоохранения Павлодарской области

8(7182) 34-13-13 и 88000803434 (бесплатно)
Скачать

Медиа жоспар

Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру туралы Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің маңызды мемлекеттік маңызы бар. Негізгі мақсаты қоғамды Мемлекет басшысының елдің тұрақты дамуының негізгі факторы ретіндегі идеялары мен саясаты айналасында біріктіру болып табылады. Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің бірыңғай ұстанымдарын қамтамасыз ету үшін келесі бағыттарға сәйкес орталық және жергілікті деңгейлердегі дайындық жұмысының алгоритмін айқындап алу қажет. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің негізгі міндеті ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін айшықтау болып табылады. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты Қазақстанды Орталық Азия өңірінде, ТМД-да алдыңғы орынға шығарып, халықаралық аренада танылғанына ерекше көңіл аударған жөн. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған салиқалы ішкі және сыртқы саясаты әлеуметтік бағдарлы экономикасы бар заманауи, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз етті. Екіншіден, мемлекеттік органдар жоспарлайтын іс-шараларда «Қазақстан-2050» Стратегиясында және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасында көзделген міндеттердің іске асырылуын көрсету маңызды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы Мемлекет басшысының ұзақмерзімді пайымдарын көрсетеді және қазіргі уақыттағы экономика мен мемлекеттік басқаруды жаңғыртуды қоса алғанда еліміздің барлық салаларда заманауи дамуының іргетасын қалайды. Қазақстан Президенті бастамашы болған «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы саяси және экономикалық өзгерістер процесін олардың сәтті болуы үшін жағдайы мен алғышарттарын жасай отырып толықтырады. Бұл бағдарлама жаңғыртудың бағыттары мен оларды іске асыру үшін нақты жалпыұлттық жобаларды айқындайды, сол арқылы қоғамдық дамудың бірегей моделін қалыптастырады. Ұлтты біріктіретін барлық арнайы жобалардың (мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет») маңыздылығын және бағдарламалық мақаланың тұжырымдамалық бөлігінде тап өтілген жаңғыртудың барлық бағыттарының (бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, дамудың эволюциялық жолы, сананың ашықтығы) өзектілігін атап өту маңызды. Үшіншіден, Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қызметінің елорданы дамыту сияқты басымдығына көңіл бөлу қажет. Бұл ретте Мемлекет басшысының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 188 Өкімімен бекітілген «ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа алу ұсынылады. Төртіншіден, Тұңғыш Президент күнін мерекелеу ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған ағымдағы жылдың жалпы оқиғалар қатарын жалғастыруға тиіс. Халықаралық көрменің қорытындыларын және Мемлекет басшысының осы бастамасының практикалық нәтижелерін түсіндіруге екпін беру маңызды. Бесіншіден, алдағы болатын іс-шаралардың негізгі сипаттамаларының бірі азаматтардың әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық көңіл күйін жақсартуды қамтамасыз ететін әлеуметтік бағыттылығы болуға тиіс. Алтыншыдан, жүргізілген жұмыстың тиімділігі көрсеткіштерінің бірі елдің барлық елді мекендерін жаппай қамту қағидаты болуға тиіс. Мерекелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге ҚХА, азаматтық қоғам институттарын, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар бірлестіктерін тарту қажет. Жастардың, этномәдени орталықтардың, оқу орындарының, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарының бастамаларын қолдауды қамтамасыз ету маңызды. Жалпы, мерекелік іс-шараларды аталған ұстанымдарды ескере отырып дайындау мен өткізу қоғамдық санада Тәуелсіздік құндылықтары мен патриотизмді нығайтуды, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан жаңғырту процестерінің орасан маңызын жеткізуді, жасампаз еңбектің құндылықтарын және әрбір қазақстандықтың мемлекеттің одан әрі дамуына үлесін ілгерілетуді көздеуге тиіс. Мерекелеу шеңберінде Қазақстанның әлем қоғамдастығындағы оң имиджін ілгерілетуге ерекше көңіл бөлу қажет. Алдағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуді сапалы дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында мыналар қажет деп ойлаймыз: 1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшылары: жұмыста жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлерге сыйақы беруді және басқа да көтермелеу түрлерін қарастырсын; алдағы болатын мерекелеу аясына барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды жұмылдырсын. 2) Ақпарат және коммуникациялар министрлігі орталық мемлекеттік органдармен, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп: жоғарыда баяндалған ұстанымдарды ескере отырып Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді кең ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастырсын; Мемлекет басшысы туралы деректі және көрсем фильмдерді шығаруды және көрсетуді қамтамасыз етсін; өңірлік газеттердің Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орайластырылған арнайы нөмірлерінің шығуын ұйымдастырсын; Елбасы – Тұңғыш Президенттің мемлекетке ие болудағы, қалыптастырудағы және нығайтудағы рөлі туралы мақалалар мен хабарлар циклін, соның ішінде өңірлік БАҚ-тарда дайындасын; орталық әрі өңірлік телевизиялық және радиоарналарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды көрсетуді ұйымдастырсын, бұл ретте олардың аңдатпаларын беру қажеттігін ескерсін. 3) Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері: әскери бөлімдер мен бөлімшелерде әскери және оқу дайындықтарында ерекше көзге түскендерді көтермелей отырып салтанатты сапқа тұрулар өткізсін. 4) Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері: қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етсін және мерекелік іс-шаралар өткізу кезеңінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырсын; әлеуетті әлеуметтік шиеленіс ошақтарына жедел мониторингті күшейтсін және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттерінің алдын алу және жолын кесу жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын. 5) Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының барлық шетелдік мекемелерінде Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орай салтанатты іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін. 6) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері: өңірлік іс-шаралар жоспарларын әзірлесін және айтылған ұсынымдарға сәйкес алдағы болатын іс-шаралар бағдарламасына түрлі мақсатты топтарды, әсіресе жастарды кең және жаппай тарта отырып ісе асырсын; елді мекендердің алаңдары мен көшелерін мерекенің идеологиялық мазмұнын ескере отырып мерекелік безендіруді қамтамасыз етсін; өнеркәсіптік, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы жаңа нысандардың ашылуын, жаңа тұрғын үйді пайдалануға беруді қарастырсын; елді мекендердің инфрақұрылымдарын жақсартуды, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңартуды, алдағы мерекелеуге орайластырылған жаңа саябақтар мен аллеялардың ашылуын қамтамасыз етсін; білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет мекемелерінде ашық есік күндерін өткізсін; халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің барлық жүйелерінің (соның ішінде сумен, жылумен және газбен қамтамасыз етудің) кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін; Мемлекет басшысының атынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына арналған түрлі форматтағы қайырымдылық іс-шаралары топтамасын өткізуді ұйымдастырсын. Жалпы, Тұңғыш Президент күнін мерекелеу жалпыұлттық сипатқа ие болуға, қазақстандықтарды этносына және дініне қарамастан біріктіруге, оларды Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға жұмылдыруға ықпал етуге тиіс. Ә. Жақсыбеков
Скачать Смотреть

Открытый конкурс

капитальный ремонт ГУ Ленинская ООШ Лебяжинского района
Скачать Смотреть

"Ғылымға алғашқы қадам"

Тілектес ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Хасимбек Жанбота Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтында "Студенттік ғылым күндері" шеңберінде өткізілген "Жаңа қоғамдағы жастардың әулеті: білім және ғылым сапасы" атты XII институтішілік студенттер ғылыми конференциясының "Ғылымға алғашқы қадам" номинациясы бойынша I дәрежелі дипломға ие болды.
Скачать

Анализ учета общественного мнения по проекту

Государственная экологическая экспертиза
Скачать

Обьявление о проведении экологическую экспертизы

Обьявление о передачи материалов на экологическую экспертизу
Скачать

Хабарландыру

Хабарландыру Ашық есік күні
Скачать Смотреть

Организация питания дляя учащихся из малообеспеченных и малообеспеченных семей и начальных классов

горячее питание
Скачать

Техническая спецификация по использованию интернета

Техспецификация
Скачать Смотреть

Спецификация на интернет

Техническая спецификация для пользователей интернет-ресурса
Скачать Смотреть

протокол1

протокол о несостоявшемся конкурсе на горячее питание
Скачать

организация горячего питания

организация горячего питания для учащихся начальных классов и детей из малообеспеченных семей
Скачать

первая пред. 1 2 3 4 последняя