телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Музей школы

       Әркімнің өз мектебі, өз қадірменді ұстаздары бар екені анық.Әр мектептің өз жолы өзіне тән тарихы бар екеніне ешкімнің  де таласы жоқ.

           1941 жылы Лебяжі орта мектебі өз статусын алғанына 2011 жылы жетпіс жыл толған мерейтойында мектеп тарихы музейінің тұсау кесері болған.

      Биыл мектебіміздің 75 жылдығы мен музейдің ашылғанына 5 жыл толады.Мектептен білім-тәрбие алып, түрлі салаларда еңбек етіп  жүрген түлектеріміздің көпшілігін мақтан етеміз.

       Музейдің құрылуына  бар жанын салып, әр жылғы мектеп түлектерімен хабарласып деректерді жинастыруда алғаш еңбек сіңірген елу жыл бұрынғы мектебіміздің түлегі, ардагер ұстаз, 41 жылдан аса өз мектебінде орыс сыныптарында қазақ тілі әдебиет пәнінен дәріс берген «ҚР –сының білім беру ісінің үздігі»  Бектауова Сабира Салахитденқызы еңбек етті.