телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Атқарылған жұмыстар

С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта мектепте 30 қаңтар 2018 жылы «Белсенді педагог» желілік қоғамдастықтың жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар есебі.

 

«Белсенді педагог» желілік қоғамдастықтың жоспары бойынша 30  қаңтар қүні, желілік қоғамдастық құрамындағы мектептердің ортақ проблемаларын анықтау мақсатында «Желілік қоғамдастық жоспары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға қоғамдастық құрамындағы мектептерден оқу ісі меңгерушілері мен деңгейлік курстан өтпеген ұстаздар келді. Атап айтқанда, Ямышев орта мектебінен -4, Тлектес орта мектебінен -2, Ленин негізгі мектептен-2, Жанатан негізгі мектептен-2, С.Сатыбалдин ат. орта мектебінен -5 мұғалімдер болды. Себепті жағдайлармен Абай ОМ. мен Шәмші БМ келе алмады. С.Сатыбалдин атындағы орта мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жумаханова Ш.К. интербелсенді тақта арқылы қоғамдастықтың тақырыбы, мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелері көрсетілді. Кейіннен 7 жұпқа  «Белсенді педагог» қауымдастықтың жоспары таратылды. Жұптар өзара ақылдаса отырып, танысып өтті. Жоспардағы әр мектептерге берілген тапсырмалар бойынша түсініктемелер және қоғамдастық мүшелерінің ынтымақтастық жұмыс нәтижесі бойынша оқу жылы соңында осы жұмыстардың қорытындысы бойынша аудандық сайыс болатыны айтылды.Барлық оқу ісінің меңгерушілері өз пікірлерін білдіріп, жоспарға келісетініне тоқталып өтті. Дөңгелек үстел ұйымдастырылуының мақсаты бойынша, жоспарға сәйкес мектептердегі  проблемаларды анықтау үшін практикалық жұптық жұмыс ұйымдастырылды. Әр мектеп оқу үрдісінде кездесетін проблемаларды тірек сызбаның ортасына жазып, тізбек арқылы келесі жұпқа шешу жолдарының ұсыныстарын жазды.

Қауымдастықтағы  мектептер бойынша анықталған проблемалар мынандай болды:

  • Мектеп бірлестіктерінің жүйелі жұмыс жоспарларының болмауы.
  • Жаңартылған білім мазмұны бойынша бөлімге арналған жиынтық бағалау жүргізу барысында 20 минут уақыт аясында оқушылар жұмыстарын аяқтауға үлгермеуі.
  • Оқушылардың оқу сапасын көтеру.
  • Мектептегі бірлестік жұмыстарын саналы оқу мен тәрбеие берудегі қызметін нығайту.
  • Тұлға болып қалыптасуына жаңартылған білім мазмұнының ықпалы қандай.
  • Ұзақ мерзімді жоспарлауда жаңартылған мазмұн бойынша пәндерде өтілмеген тақырыптар бақылау жұмыстарында келуі.  

         Мектеп тренерлері Жакупбекова И.М. мен Тогтасын Жанаргүлдің ұйымдастырылуымен «Мінсіз мұғалім» тақырыбында коучинг өтті. Коучингтің мақсаты мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарды зетттеу жолдары анықтау және мұғалімдер өздерінің тәжірбиесі негізінде сапалы оқытумен оқудың үлгісіне талдау жасау. Осы мақсатты ашу үшін АКТ мүмкіндіктері арқылы видео материалдар көрсетіліп белсенді жұмыс ұйымдастырылды. Мұғалімдердің шығармашылық идеяларының қорытындысы ретінде жұптар өз дизайындарын жасап, презинтацияларын жасады. Өте қызықты сергіту сәті «Арам зам-зам» болғаннан кейін, мұғалімдер  «Миға шабуыл» заманауи оқушы мен мұғалім қандай болатыны жайлы пікірлерін карточкалар арқылы алгоритм құрастырды. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілекпен» қорытындыланды.

Коучингтен көрініс

 

 

 

       

 

Жоғарыда өткізілген шараларға рефлексия жеке парақшалар арқылы өтті. Әр қатысушы өз ойларын берілген  тапсырма арқылы қорытындылады.

 

 

Қорытынды: «Белсенді педагог» желілік қауымдастығаның отырысы жоғары деңгейде, қызықтыда, тартымды өтті. Барлық қатысушылар белсенділіктерін жақсы көрсетті.

 

                                                         ДОТЖО:   Жумаханова Ш.К.