телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
"Белсенді педагог" желілік қоғамдастық орталығы

«Лебяжі ауданының С.Сатыбалдин атындағы

жалпы орта білім беру мектебі»

мемлекеттік мекеменің

2017-2018 оқу жылына арналған

ПАСПОРТЫ

 

 

Мектеп директоры: Батталова Жайрангуль Кайсановна

 

Ашылған жылы     

30 қыркүйек 1986 жыл

Белгіленуі

Аймақтың дамуы мен қалыптасуы үшін жағдай туғызу арқылы жаһандану дәуірінде өмірлік міндеттерді шешу

Орын саны

Оқыту тілі

198 орын

қазақша

Контингент

Сынып-комплект саны

Штаттық қызметкерлер

 

48

8

барлығы 43 қызметкер, мұғалімдер саны – 19.

Жоғары санатты – 7 (36%), бірінші санатты –  6 (32%),  екінші санатты – 6 (31%),  санатсыз – 1 (5%), 

Кабинеттер саны

- 1 асхана

10 оқу кабинеті

- 1 компьютерлік кабинет

- 1 мультимедиалық кабинет

- 1 жаңа модификациядағы биология кабинеті

- 1 физика кабинеті

- 1 алғашқы әскери дайындық кабинеті

- 1 шеберхана

- 1 спорт зал

- 1 медициналық  кабинет

- 1 ойын бөлмесі (шағын орталық)

- 1 жатын бөлме (шағын орталық)

- «Робот техникалық құрылғы» жүйесі

Бастамалар

 

  Республикалық «Мектебіме тағзым» жобалары және «Мектепке жол» акциясы  аясында оқушыларға 150 мың теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдарын алу үшін спонсорлық көмек көрсетілді.

Жетістіктер

2015 – 2016 о.ж  Аудандық тамыз конференциясында «Әдістемелік көрме»  1 орын

«Жаз – 2016  » аудандық «Үздік мектеп жанындағы лагерь» конкурсында 1 орын  

Аудан  рейтинг қорытындысы бойынша  2 орын

Облыстық «Бала достары» конкурсында  1 орын

Облыстық «Бүлдіршін - 2016» фестивалінің лауреаты

2016 – 2017 о.ж  Аудандық  «Жаз – 2016  »  «Үздік мектеп жанындағы үлескі»  конкурсында 3 орын 

«Жаз – 2016  »  «Үздік мектеп жанындағы лагерь» конкурсында  1 орын 

Аудандық КВН «Жайдарман» ойынында  3 орын

Аудандық   VI «Жас ұлан» слетінде 1 орын

«Everybodydance» би конкурсында Гран - При

Аудандық Жас жол инспекторлар слетінде    1 орын  

Грант иегерлерін дайындауда аудан бойынша 1 орын

ҰБТ көрсеткіштері:

2013-2014 о.ж.- 90 («Алтын белгі» иегері-1)

2015-2016 о.ж. – 93

2016-2017 о.ж. – 100  («Алтын белгі» иегері-1)

Ғылыми жобалар: 

 

 2016-2017о.ж.

-          3 орын (аудандық)

Пән олимпиадалары,

интеллектуалдық сайыстар, оқулар:

 

 

 

 

2015-2016 о.ж.

-          7 орын (аудандық)

-          6 орын (казахстан интернет олимпиадасы)

-          15 облыстық, республикалық, халықаралық интеллектуалдық конкурстар жеңімпаздары;

-          42 республикалық, халықаралық қашықтық олимпиадалардың жеңімпаздары;

-     7 орын аудандық, облыстық оқулар жеңімпаздары; 2016-2017 о.ж.

-          8орын (аудандық)

-          29 облыстық, республикалық, халықаралық интеллектуалдық конкурстар жеңімпаздары;

-     2 орын аудандық, облыстық оқулар жеңімпаздары;

Перспектива:

-          Республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарын дайындау;

-          Оқушыларды робот құрастыру және ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша дамыту;

-          Дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батталова Жайрангуль Кайсановна

 «Лебяжі ауданының Садуакаса Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» ММ директоры

 

1977 жылы 18 шілдеде Павлодар облысы Лебяжі ауданы  Ямышев селолық округінің Қызылқоғам ауылында дүниеге келген.

Жоғары педагогикалық білім,  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «математика және информатика пәнінің мұғалімі».

1998-1999 жылы Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Жаңатаң негізгі мектебінде математика пәнінің мұғалімі;

1999-2000 жылы – Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қазы жалпы орта білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі;

2000-2004 жылдары– Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,  Тлектес жалпы орта білім беретін мектебінде математика және информатика пәнінің мұғалімі;

2005-2011 жылдары– Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,  Қызылқоғам ауылы Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде математика және информатика пәнінің мұғалімі;

2011-2016 жылдары– Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,  Қызылқоғам ауылы Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды;

2016 жылы– Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,  Қызылқоғам ауылы Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне директор болып тағайындалды.


 

С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта мектепте 30 қаңтар 2018 жылы «Белсенді педагог» желілік қоғамдастықтың жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар есебі.

«Белсенді педагог» желілік қоғамдастықтың жоспары бойынша 30  қаңтар қүні, желілік қоғамдастық құрамындағы мектептердің ортақ проблемаларын анықтау мақсатында «Желілік қоғамдастық жоспары» тақырыбында дөңгелек стол өтті. Шараға қоғамдастық құрамындағы мектептерден оқу ісі меңгерушілері мен деңгейлік курстан өтпеген ұстаздар келді. Атап айтқанда, Ямышев орта мектебінен -4, Тлектес орта мектебінен -2, Ленин негізгі мектептен-2, Жанатан негізгі мектептен-2, С.Сатыбалдин ат. орта мектебінен -5 мұғалімдер болды. Себепті жағдайлармен Абай ОМ. мен Шәмші БМ келе алмады. С.Сатыбалдин атындағы орта мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жумаханова Ш.К. интербелсенді тақта арқылы қоғамдастықтың тақырыбы, мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелері көрсетілді. Кейіннен 7 жұпқа  «Белсенді педагог» қауымдастықтың жоспары таратылды. Жұптар өзара ақылдаса отырып, танысып өтті. Жоспардағы әр мектептерге берілген тапсырмалар бойынша түсініктемелер және қоғамдастық мүшелерінің ынтымақтастық жұмыс нәтижесі бойынша оқу жылы соңында осы жұмыстардың қорытындысы бойынша аудандық сайыс болатыны айтылды. Барлық оқу ісінің меңгерушілері өз пікірлерін білдіріп, жоспарға келісетініне тоқталып өтті. Дөңгелек үстел ұйымдастырылуының мақсаты бойынша, жоспарға сәйкес мектептердегі  проблемаларды анықтау үшін практикалық жұптық жұмыс ұйымдастырылды. Әр мектеп оқу үрдісінде кездесетін проблемаларды тірек сызбаның ортасына жазып, тізбек арқылы келесі жұпқа шешу жолдарының ұсыныстарын жазды.

Қауымдастықтағы  мектептер бойынша анықталған проблемалар мынандай болды:

-         Мектеп бірлестіктерінің жүйелі жұмыс жоспарларының болмауы.

-         Жаңартылған білім мазмұны бойынша бөлімге арналған жиынтық бағалау жүргізу барысында 20 минут уақыт аясында оқушылар жұмыстарын аяқтауға үлгермеуі.

-         Оқушылардың оқу сапасын көтеру.

-         Мектептегі бірлестік жұмыстарын саналы оқу мен тәрбеие берудегі қызметін нығайту.

-         Тұлға болып қалыптасуына жаңартылған білім мазмұнының ықпалы қандай.

-         Ұзақ мерзімді жоспарлауда жаңартылған мазмұн бойынша пәндерде өтілмеген тақырыптар бақылау жұмыстарында келуі.  

         Мектеп тренерлері Жакупбекова И.М. мен Тогтасын Жанаргүлдің ұйымдастырылуымен «Мінсіз мұғалім» тақырыбында коучинг өтті. Коучингтің мақсаты мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарды зетттеу жолдары анықтау және мұғалімдер өздерінің тәжірбиесі негізінде сапалы оқытумен оқудың үлгісіне талдау жасау. Осы мақсатты ашу үшін АКТ мүмкіндіктері арқылы видео материалдар көрсетіліп белсенді жұмыс ұйымдастырылды. Мұғалімдердің шығармашылық идеяларының қорытындысы ретінде жұптар өз дизайындарын жасап, презинтацияларын жасады. Өте қызықты сергіту сәті «Арам зам-зам» болғаннан кейін, мұғалімдер  «Миға шабуыл» заманауи оқушы мен мұғалім қандай болатыны жайлы пікірлерін карточкалар арқылы алгоритм құрастырды. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілекпен» қорытындыланды.

Жоғарыда өткізілген шараларға рефлексия жеке парақшалар арқылы өтті. Әр қатысушы өз ойларын берілген  тапсырма арқылы қорытындылады.

Қорытынды: «Белсенді педагог» желілік қауымдастығаның отырысы жоғары деңгейде, қызықтыда, тартымды өтті. Барлық қатысушылар белсенділіктерін жақсы көрсетті.

 

                  ДОТЖО:   Жумаханова Ш.К.

 

 

«Белсенді педагог» желілік қауымдастықта

туындаған сұрақтарға  ұсыныс

1.Тұлға болып қалыптасуына жаңартылған білім мазмұнының ықпалы қандай?

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.

Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:

- командадағы жұмыс дағдылары;

- көшбасшылық қасиет;

- бастамашылық;

- IT-құзыреттілік;

- қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.

2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім беру саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады. ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады. XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған ақпаратты қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді. Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет. Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім беруге бет алды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беруге жасаған шолуында академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған.

Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары пәндік сапалы, нақты айтсақ, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ.

Дәстүрлі оқыту қазақстандық мектепте білім алушылардың академиялық білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен алуды, талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды.

Отандық білім беруде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті бірнеше рет болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі білім беру мазмұнына сәйкестендірілді. Бұл оқу процесінің шамадан тыс болуына және дайын ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге дейін білім алушы білімді енжар «алушы» болып қалып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде білім берудің жаңа бастау алу сатысында. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.

76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Жаңа оқу жылында қоданылатын бұйрықтар тізімі:

1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1,2 -сыныптарда білім беру процесі:

ü ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС);

ü ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);

ü Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша);

ü ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);

ü ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.

üҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; (2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан)

 

 

2.     Жаңартылған білім мазмұны бойынша бөлімге арналған жиынтық бағалау жүргізу барысында 20 минут уақыт аясында оқушылар жұмыстарын аяқтауға үлгермеуі.

 

-         Жиынтық бағалау үдерісі

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасынымазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісікезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін,дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтықбағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтықбағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім берудеңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.

  Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім

бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім

алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар

немесе балл қою кестелері көмектеседі.Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау,

түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады.

 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына,

оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқумақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады. (Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық)

5.02.2018 ж

Орындаған С.Сатыбалдин атындағы ЖОББ мектеп   директордың  оқу жөніндегі орынбасары: Жумаханова Ш.К.