телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Мектеп мұражайы
Сделать видео

Мектеп мұражайы С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ 

Мектептің Өлкетану мұражайы жөнінде  ақпарат

Мектептегі мұражай екі бағытта жұмыс істейді. Мектеп, ауыл тарихы жөнінде. Негізінде мектептің мұражайын ұйымдастыру барысында зерттеу жұмысын атқардық. Мақсаты болашақ ұрпаққа мектеп, ауыл тарихынан құнды материалдарды тауып, рухани байлықтарын дамытып, оқушылардың бойынан елжандылық, елге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 1995 жылдан бастап ауылдан үлкен ата-әжелерден, мектептің түлектерінен мағлұматтар, қолдан жасалынған заттар жинастырып, мектебімізде бөлме беріліп, мұражай құрылған. Сол уақыттан бері мұражай тұрақты қызметін атқарып келеді.

Мұражайда Қызыл-Әскер мектебі жөнінде біраз құжаттар жинақталған мектептің түлектері оның ішінде ғылым жолында үлесін қосқан түлектер жөнінде, мектепте оқып, кейіннен еңбек еткен ұстаздар бұрышы, осы аталған мектепке кезінде еңбегі  сіңген аймағымызға мектеп салу жөнінде өзінің үлкен үлесін қосқан тұлға Садуақас Сатыбалдиннің аты 1995 жылы беріліп, үздіксіз білім беріп жатқан білім ордасы. Мектеп өзінің 50,70,80 жылдықтарын атап өткені жөнінде аудио-видео материалдары, фотолар бар.

Келесі бағыты ауыл еңбеккерлеріне арналған. Ауыл еңбеккерлері жөнінде автобиографиялық мәліметтер бар, портреттері, альбом құрастырылған.

1995 жылдан ауылдан жинақталған экспонаттар орын алған. Атап өтсек табақшалар, керует, піспе шелек утюгтер, қолдан тігілген құрақ көрпешелер, оқушылардың тауып алған археологиялық заты мүйіз т.б. Басқа да Абай портреті, 1956 ж. түлектердің картинасы, спорттық вымпелдер, грамоталар, алғыс хаттар жинақталған. Ең құндысы мектеп түлегі, еңбек пәнінің мұғалімі Қ.Е.Жұмахановтың Қызыл Әскер мектебінің макеті.

Болашақта әлі де атқарар жұмыстар, жоспарлар бар.