телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Мектеп тарихы

Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектеп

                                           

       Мектеп 1928 жылы Қызыл-қоғам ауылында Садуақас Сатыбалдин атамыздың  ұйымдастыруымен аудандағы тұңғыш қазақ мектебі ШКМ (школа крестьянской молодежи) ашылған. 1928 жылдан бастауыш, одан кейін 7 жылдық мектеп болған. 1952-1962 жылдары аралығанда Қызыл-Әскер аралас орта мектебі, 1963-1987 жылдары аралығында 8 жылдық аралас мектебі, 1988-1993 жылдар аралығында негізгі қазақ мектебі, 1993 жылдан бастап қайтадан Қызыл-Әскер жалпы орта білім беретін мектебі болған. 1997 жылдан бастап мектебімізге атамыз Садуақас Сатыбалдин аты берілді.

Мектеп алғашқы кезде бастауыш, кейіннен жеті жылдық, одан соң он жылдық болған. Мектеп жанынан Сейтен ауданының атқару комитетінің шешімімен алпыс балаға арналған интернат ашылады. Маралды деген жерден кулак Быковтың 12 сауын сиыры мектепке беріліп, бұрынғы медресе үйі жатаханаға беріледі. Интернатқа қатысты 5-6 ат, егін салатын азын-аулақ саймандары болады. Мектеп өз күшімен 36 парта жасатып, залға радиоқабылдағыш қояды.

Қазақ ауылында ашылған бұл мектептен тек қана Қызыл-қоғам ауылының балалары ғана емес, Шарбақты, Ермак, Май, Павлодар ауданынан көп балалар келіп оқыды. Білімнің қасиетті қара шаңырағынан қанат қағып ұшқан мыңдаған ұл мен қыз еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі мамандық иелері болып, еңбек етуде.

Мектебіміздің даңқын шығарған ғалымдар: математика ғылымының докторы, профессор Мейірхан Әбділдин, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, философия ғылымының докторы Мұрат Сәбитов, физика-математика ғылымының кандидаты, профессор Мейрам Хамитов, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, публицист Рәшит Сәбитов, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, журналист-публицист Тұрсынбай Ибадуллин, медицина ғылымының кандидаты Эльяс Рудольф, Ұлы Отан соғысында шаһит болған ақын Хамза Өмірбаев, техника ғылымдарының кандидаты Қаят Ташимов, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Нариман Машрапов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Шәріп Темірғалиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бауржан Қуатов, ғылым кандидаты Күләш Шаханова, тіл ғылымдарының кандидаты Сайлау Дүкенбаев сияқты түлектердің есімдерін мектеп ұжымы әрқашанда мақтаныш тұтады.

Бүгінгі таңда ағалары мен апаларының жолын қуған ұзтаздар қауымы шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беруінің нәтижесінде оқушылары облыстық пән олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды. Абетжанов Нұрлан қазақ тілі мен әдебиет пәнінен облыстық олимпиадада І орынға ие болды  пән мұғалімі Сатыбалдин Серік, Сейтахметова Гүлстан биология пәнінен облыстық олимпиадада І орынға ие болды пән мұғалімі Гүлзия Молдагалиевна. Адильбаева Лаура биология пәнінен облыстық олимпиадада ІІ орынға, Жакупбекова Инкар химия  пәнінен облыстық олимпиадада ІІІ орынға ие болды пән мұғалімі Гүлзия Молдагалиевна. Шегирова Гүлден қазақ тілі мен әдебиет пәнінен облыстық олимпиадада ІІІ орынға ие болды  пән мұғалімі Клара Калиевна.

Түлектеріміздің арасында магистратураны аяқтап, әр-түрлі салада қызмет етіп жатқандары бар. Олар: Байжекина Шынар, Нұрбанова Айгүл, Ибраева Гүлжан, Адильбаева Әсел, Сатыбалдин Ақылбек.

Баршаға белгілі, әр мемлекеттің болашағы мен келешегі мектепте шыңдалады. Ертеңгі күні елдің тұтқасына ие болар, оны алға бастырар, әлемге паш етіп танытар тұлғалар – бүгінгі мектеп оқушылары. Бүгінгі күнде  түлектеріміз алдыңғы толқын ағаларының жолын жалғастырып, әр салада қызмет етіп, өз еліміздің өркендеуіне үлестерін қосуда.

         Осы мектепте бір кездері оқығандар арасында мақтан ететін, кейінгі ұрпақтары үлгі тұтатын ағаларымыз: қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев, ірі ғалым Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Бекмұрат Уахатов, академик Жабайхан Әбділдин.

Еңбегімен ел құрметіне бөленген басшылар: алғашқы  кезде басқарған Ержанов Мұқатай, жас ұрпақтың өмірге икемді азамат болып өсуіне өз үлесін қосып, халық ағарту жұмысындағы жемісті еңбегі үшін 1939 жылы СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Ленин орденімен наградталған Рахметов Сәлмен. Бұл Павлодар облысы бойынша мұғалімдерге берілген тұңғыш жоғары награда еді. Сәлмен Рахметов кейіннен Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан.

         Кәркен Абдуллин, Құдайберген Машрапов, Елеуке Қалданов, ғылым кандидаты Айдарбек Махмутов, Бәкен Сыздықов, Қабиболла Тезекбаев, Қабдрахман Жангазин, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Уайхан Мүлікбаев, Серік Сатыбалдин         Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптастыруда мектеп негізгі міндет атқарады. Осы орайда ел құрметіне бөленген, жас ұрпақты тәрбиелеуде еңбек сіңірген алғашқы ұстаздар: Нығымет Абдуллин, Нығымет Қаймекин, Әйтен Жүнісов, Жауқан Темірғалиев, Виктор Александрович Комаровский, Мүнира Сатыбалдина, Рашида Камалитденова, Қабыжан Әкіжанов

           Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған Хамит Дүкенбаев, Букаева Ұрқия Жапкеновна, «Құрмет Белгісі» орденімен наградталғандар: Қайырбай Әбетов, Дүйсенов Қалы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімдері:.Сәбит Дүкенбаев, Ілияс Оспанов,  оқу ісінің озаты Нығмет Елубаев.

          «Қуатты ойдан бас құрап...»- деп Абай атамыз айтқандай парасат пен білімді қатар қойған, білім ордасынан халқының ризашылығына бөленіп, елінің қалаулысы болған даралар шықты, олар: Балхиянов Тапау Қазақ Советтік социалистік Республикасы мұғалімдерінің ІІ съезіне қатысты, ұстазының ізін басқан Хайсина Клара Қалықызы Қазақстан Республикасының  ІІ съезіне қатысты.

           Қазақстан Республикасының «Құрмет Грамотасымен» наградталған мұғалімдер: Ахметжанов Мұрат Әлібекұлы, Айтжанова Гүлзия Молдағалиқызы Қапсаттарова Төлеу Ғайниденқызы, Казыканова Алия Қалиардамовна, Қазақстан Республикасының «Алғыс хатымен» марапатталған мұғалімдер: Балхиянова Мүнира Тапауқызы, Хайсина Клара Қалықызы.

          «Білім – жарық, нұрын саған шашатын» деп біліммен нұрланған мектеп түлектерінің арасында 1961-1962 оқу жылында мектепті Алтын медальмен бітірген оқушылар Машрап Мукушев пен Нэля Голубева, сынып жетекшісі Рахатай Хасенов, директор Құдайберген Машрапов, оқу ісінің меңгерушісі Камалитденова Рашида.         2004-2005 оқу жылында мектепті «Алтын белгімен» аяқтаған Адильбаева Асия, сынып жетекшісі Кунафина Бахыт, директоры Айтжанова Гүлзия, оқу ісінің меңгерушісі Хайсина Клара.

         Түлектеріміздің арасында әр салада қызмет атқарып, еліміздің өркендеп гүлденуіне өз үлестерін қосуда.