телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
История школы

 

Семейге шығар жолдың үстінде екі жағын жасыл қарағай көмкеріп тұрған Шарбақты ауылы. Елді мекеннің атына сәйкес мектепте Шарбақты мектебі деп аталады. Шарбақтыда бұрын колхоздастыру кезінде бастауыш, одан соң жеті жылдық ағаш мектеп болатын,  сұраныс пен талапқа сәйкес мектеп 1965-1966 оқу жылдары орта мектеп статусын алып, ауылдың кіре беріс жағына қарай қос қабатты,  типті 500 орындық жаңа мектеп бой көтеріп, 1966 жылдың қаңтарында іске қосылды. Мектептің жалпы аумағы  - 22690 м2,  оның ішінде  2500м2 жерді мектеп ғимараты және 1310м2 мектеп жанындағы интернат алып жатыр.

Бүгінде орта мектеп статусымен жұмыс істеп жатқан мектептің алғашқыда бастауыш мектеп болып Ленин орденді қарт ұстаз Молдажанов Тұмырза басқарса, 7 жылдық кезінде  Абетов Қайырбай, Елубаев Нығмет, Каримов Садық,  Молдакаримов Каркен, Макин Қалыбай, Кентаев Торғай, Байбөлеков Төлеу  басқарды.

Ал, Шарбақты орта мектебін әр жылдарын әр кезеңдерде, Алібаев Қабидолла  Алиевич (1966-1979), Байкенов Шайғали Байкенович(1970-1980), Кабиев Тілеубек Кабиевич (1980-1983), Молдакаримов Кәркен Молдакаримович (), Қарқынбаев Мұхтар Кайырденович, Мукашева Күлбаршын Жұмажановна (1986-1990) директорлық қызметте болып басқарды.

1990-2009 жылдары  Молдакаримова Майкен Жұмабековна басшылық жасады.

2009-2011 жылдары Тұрғанбек Сағат Олжабекұлы, 2011-2013 жылдары Курмангалиев Алтынбек Умиртайұлы, 2013 жылдан Альтаева Шакарбану Мынтаевна басқарып келеді.

Мектептің материалдық базасы салауатты өмір салтын қалыптастыруа толық сәйкес  келеді және денсаулықты нығайтуға  арналып жабдықталған. 2006 жылдан бастап физика кабинеті  толық жабдықталған. 18 оқу кабинеті бар, 2 компьютерлік кабинет  интерактивтік тақтамен жабдықталған,  бір компьютерге орташа 3 бала сәйкес келеді.

2009 жылы мектеп «Красивая и дружелюбная к детям школа» облыстық конкурсқа қатысып, «Красивая сельская школа»номинациясы бойынша сертификатқа ие болды.

2007 жылы тренажер залы ашылды.