телефон доверия
87183921303
Меню
С днем учителя!
Сабақты болдырмау туралы ақпарат
Полезно
Статистика
За год30600
За месяц5163
За неделю653
Вчера212
Сутки3
История отдела

Лебяжі ауданы білім бөлімінің тарихы

 

Лебяжі ауданының білім беру жүйесі білім саласының барлық деңгейін дамытуда тұрақты қызмет етуге және ол саладағы мәселелерді шешуге қатысты қажетті ресурстық базамен қамтамасыз етілген. Ауданда 23 білім беру мекемесі, оның біреуі бастауыш, 8-і негізгі және 14 – жалпы орта оқу орындары. 8 балабақша, 15 шағын орталық,  Шарбақты орта мектебінің мектеп жанындағы интернаты, № 14 Лебяжі колледжі, түзету кабинеті, отбасы үлгісіндегі балалар үйі жұмыс істейді.

«1872 жылы көшіп келген орыс саудагерінің жесірі Лебяжіде шіркеу мен екі бастауыш мектебін тұрғызған. Алғашқы жетекшілері болып А.В.Станкевич пен шіркеу побы болғанын архив материалдарынан оқуға болады»

Аққу ауылының білім саласы, білім саласына зор үлес қосқан Садуақас Сатыбалдиннің есімімен тығыз байланысты. Ол 1888 жылы Қаракесек ауылында дүниеге келген. ( Лебяжі ауданы, У.Сыздықов атындағы совхоздың 3 бөлімшесі) 1907жылы Троицк қаласындағы Ғалия және Расулия медресесін бітірген ол ауылындағы мешіттің жанынан медресе ашады. Хазірет атағын алып келген  С.Сатыбалдин балаларды сауаттылыққа үйрете бастады. Медреседе араб тілі, география, математика, жаратылыстану және орыс тілі пәндерінен сабақ берді. 1910 жылы Лебяжі ауданы, Бесқұдық мектебінде мұғалім болып орналасады. Оның ұсынысы бойынша ауданда ең бірінші мектеп ашылады, Қызыләскер мектебі. Ол мектепте физика-математика ғылымдарының докторы Абдильдин, философия ғылымдарының докторы Сабитов, филология ғылымдарының докторы Уахатов және тағы басқа  тұлғалар оқып білім алды. 1935 жылы С.Сатыбалдин Семей облысының Семиярск ауылының білім бөлімінің меңгерушісі қызметінде жұмыс істеп жүрген кезінде қайтыс болды. 1918 жылы Сатыбалдиндер отбасында Мунира есімді қыз бала дүниеге келді. 1935 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген Мунира әкесі ашып кеткен Қызыләскер орта мектебіне мұғалім болып орналасады. Соғыс уақытында аянбай еңбек еткен Мунира қазақ әйелдерінің арасында алғашқы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталады. Қызыләскер мектебінде оқу ісінің меңгерушісі кейіннен мектеп директоры қызметін атқарады.                                                 Халық ағартудың бертінгі, «кеңестік» дәуіріне келсек, оның басында сөзсіз Қаракесек ауылында ашылған бастауыш қазақ мектебі тұр. Аудан құрылғанда 1939 жылы бір ғана орта мектеп болды.(Қызыләскер мектебі). Онда 150 бала оқып, білім алды. 7 орталау мектеп болды. Оларда 927 шәкірт оқыды. Бұл мектептерде 58 мұғалім болды. Лебяжі орта мектебі 1941 жылы ашылды. Бес оқу бөлмесі ғана бар бұл шағын мектеп-үйі қиын қыстау кездері жеделдетіп салынды. Осыдан соң Қарақалада орта мектеп ашылды. Сөйтіп, 1944 жылы орта білім беретін үш мектеп, 6 жеті жылдық, 18 бастауыш мектеп жұмыс істеді. Оларда 1463 шәірт білім алды, ұстаздар саны 101 адамға жетті. Оқу орындары жүйесін жеделдетіп кеңейтуге себеп болған- осы жылдары аудан тұрғындары батыстан келіп қоныстанушылар есебінен күрт молыға түсті. 1944 жылдың шілдесіне берілген мәлімет бойынша Лебяжі ауданына 527 отбасы немесе 2326 адам айдаумен келіп қоныстанған. Сол сияқты, ұстаздар да осы адамдар есебінен толығып отырды. Мәселен, алмаза Макшариповна Джанхотова, Павел Доржиевич Сангалжиев, Татьяна Захаровна Ковалева, Елена Петровна Мартина, Альфред Эвальдович Гурр Аққу өңіріне осылай тағдырдың айдауымен келген адамдар еді. Олар жаңа ортада қызмет жасап, елдің құрметіне бөленді. Отан соғысы аяқталған соң мектеп жүйесін күрт кеңейту қажеттігі туды. 1950 жылы мектеп оқушыларының саны екі мыңнан асып түсті. Осыған байланысты барлық шаруашылық орталықтарында орталау мектептері салынды. Олардың басым көпшілігнде майданнан оралған саяси қызметкерлер сабақ берді. 1953 жылға дейін ауылшаруашылығы саласында бірде-бір жоғары білімді жергілікті кадр болмаса, білім беру саласында да осындай жағдай орын алды. Тек 1957-58-59 жылдары ғана жоғары білімді ұстаздар көптеп келе бастады. «алғашқы қарлығаштар» Жантемір Сәкенов, Жұпар Мүтішқызы Баймағамбетова, Тасыбек байсалов, Нәзір Хасенов, Геннадий Смокотин, еркін Әубакиров, Кәркен Молдакәрімов тағы басқалары болды. Бұл адамдар өздерімен елге жоғары мәдениет үлгісін, өнерге құлшынысты бірге ала келді. Олар ауданның мәдени өміріне, спортқа белсене араласып, жетіліп келе жатқан жастарды да осыған баулыды. Тың игерудің басталуымен мұғалімдер қатары жаңа толқынмен толықты.

60-жылдардың ортасында барлық совхоздарда жалпы орта мектептер ашылды. 1990 жылдары 11 орта, 12 толық емес, 6 бастауыш мектеп, 5 бюджеттік интернат жұмыс істеді. Оларда 547 ұстаз еңбек етті. Көптеген адамдар білім беру саласындағы еңбектері үшін ел алғысын алып, үкімет тарапынан сый қошеметке бөленді.                                                                                Аққу ауылындағы №193 ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі 1963 жылы №56 Галкин кәсіптік-техникалық училищесі филиалының негізінде ашылды. Соңғы жылдары ол №28 Лебяжі кәсіптік мектебі болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта №14 Лебяжі колледжі деп ауыстырылды.                                                                                                      Ауданның 1963 жылы Павлодар ауданымен біріктірілуіне байланысты мұрағаттар толық сақталмаған. Көзі қарақты адамдардың естеліктерін салыстыра келгенде аудандық оқу бөлімін әр жылдарда мына адамдар басқарған:                                                                     

Калданов Елеуке Татинович1911 жылы  Шарбақты ауданы, Галкино ауылында туған. 1930 жылы Семей кооперативтік техникумын 1952-1955 жылдары Семейдің педагогикалық институтын бітіреді. Мұғалімдік қызметтерден кейін 1941-44 жылдары Лебяжі ауданының білім бөлімінің бастығы қызметін атқарады.       

 Камалитдинова Рашида Гайнутдиновна20.05.1919 жылы Новосібір облысының Каргат ауданы, Теренино ауылында дүниеге келген. Педагог, Павлодар қаласының құрметті азаматшасы(2002ж). 1938 жылы Татар АССР Елабуж ауылшаруашылық жұмысфакультетін бітірген соң, 1954 жылы Семей педагогикалық институтына бітіреді. 1938-1946 жылдары, Новосібір облысында мұғалім, мектеп директоры қызметін атқарады. 1946-1947 жылдары білім бөлімінде инспектор және кәсіподақ ұйымының председателі қызметін атқарады. 1947-1951 жылдары Қызыл-Әскер қазақ мектебінде завуч, соңынан білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Медальдармен, құрмет грамоталармен марапатталды. 2004 жылы «облысқа көрсеткен ерен еңбегі үшін» төсбелгісін тақты.                                                                   Дүкенбаев Сабит Дүкенбаевич 1917 жылы Қызылқоғам ауылында дүниеге келген. Лебяжі ауданының мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарып, кейіннен Майқарағай 7 жылдық мектебінде директор болады. 1951-56 жылдары Лебяжі ауданының білім бөлімінің бастығы қызметін атқарады. 1956-61 жылдары Май ауданының, 1963-67 жылдары Павлодар ауданының білім бөлімінің бастығы қызметін атқарады.                                                                  Оспанов Ильяс Оспанович 1923 жылы дүниеге келегн. «ҚазССР-нің Еңбек сіңірген мұғалімі»1966ж, Ақсу қаласының құрметті азаматы 1995ж, соғыс ардагері. 1957-1968 жылдары Лебяжі ауданының білім бөлімінің бастығы қызметін атқарды. №10 Абай атындағы мектепті бітірген соң, Семей қаласындағы педагогикалық институтты сырттай оқиды. Соғысқа дейін мектепте мұғалім болып істейді. Соғыс аяқталған соң мектепте мұғалім, кейін білім бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарады. Пенсияға шыққан соң да бос отырмай «Шамшырақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. 3 рет СССР-дің орденімен және медалімен марапатталды.                                                    Бердалин Жолдасбек Бердалинович 1931 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік институтын 1951 жылы бітірген соң, орта мектептерде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 1968-1980 жылдары Лебяжі ауданының білім бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Облыс білім басқармасының, білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» 1956ж, «Қазақ КСР-інің халық ағарту ісінің озық қызметшісі» атақтары бар.                                       Культуманов Төлеген Тусупович 1941 жылы туған. 1965 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген соң физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасының білім үздігі» сонымен қатар құрметті грамоталармен марапатталды. 1976-1980 жылдары ауданның білім бөлімінің бастығы болды.                                                                             Алибаев Қабидалла Алиевич 1937 жылы дүниеге келген. Лебяжі ауданының тумасы. 1957 жылы Павлодар педагогикалық училищесін бітірген соң, 1965 жылы Семей педагогикалық институтын тәмәмдап мектепте мұғалім болып орналасады. Білім бөлімінің бастығы болғанға дейін Қызыләскер ауылдық округының председателі болады. 1980-1998 жылдар аралығында білім беру бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «КСРО-ның білім беру саласының үздігі», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ерен еңбегі үшін» орденінің иегері.                                                    Федоненко Василий Харитонович 1948 жылы дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтап шыққан соң, мектепте мұғалімдік қызмет атқарады. Әлеуметтік сұрақтар жөнінде аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарады. 1998-2000 жылдары ауданның білім беру бөлімінің бастығы қызметін атқарады.                                                                                                 Шаймарданов Ғалым Қинаятович 1956 жылы дүниеге келген. Павлодар Мемлекеттік университетін аяқтаған соң физика пәнінің мұғалімі болып, кейіннен Жамбыл мектебінің директоры болып қызмет атқарады. 2000-2003 жылдары аудандық білім бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады. 2002 жылы қайтадан методикалық кабинет ашылды.                                Мусинова Светлана Рахимтаевна 1959 жылы лебяжі ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы қазақ Мемлекеттік институтын аяқтап келген соң, Лебяжі орта мектебінде тарих және герграфия пәндерінің мұғалімі болып істеді. Кейіннен тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары аудандық білім бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Құрметті грамоталармен марапатталды.

Омаров Матай Әмірғалиевич1951 жылы дүниеге келген. Талдықорған педагогикалық институтын аяқтаған соң, орыс тілі мұғалімі болып қызмет істейді. Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы, кейіннен Ямышев ауылдық округының әкімі болып қызмет атқарады. 2008-2009 жылдары білім бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Құрмет грамоталарымен марапатталды.                                                                                  Бижанова Айсұлу Қайролловна 1963 жылы дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын бітірген соң орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі қызметін атқарады. Кейіннен ішкі саясат бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары білім бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

Еркенов Ерсін Еркенович1964 жылы Лебяжі ауданында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын биология және ауылшаруашылығы мамандығы бойынша аяқтап шыққан соң, Аққу ауылындағы №28 лицейде жұмыс атқарады. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін Лебяжі ауданының білім бөлімінің басшысы қызметін атқарады.