телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі «Мектепке жол» акциясы туралы ақпарат

      Аққулы аудандық білім бөлімінің №148/1   31шілде күнгі «Мектепке жол» акциясы туралы бұйрығы негізінде мектепте  штаб құрылып жоспар жасалды. Осы жоспар бойынша сынып жетекшілер аз қамтамасыз етілген, сәтсіз жанұяларға барып үй жайын қарап актілер жасалды.  Аудандық білім бөлімімен бірлесіп мемлекеттік мекемелерге арнайы хат жазып, оны аудан әкімінің орынбасары бекітіп мекемелерге берілді. Осы  хатта әр мекемеге бір оқушыдан беріліп 40 оқушыға мектепке қажетті киімдер мен концелярлық товарлар әперілді. Осы акцияны мектеп ұжымы қолдап үш оқушыға мектеп формасын, «Халық Банкі» - үш 1 сынып оқушысына сумка мен концелярлық товарлар әперді.   «Халық Банкі» - директоры Бағлан Жақсыбаевна аз қамтамасыз етілген отбасының 2 оқушысына мектеп киімін әперді.      

  Сонымен қатар жылдағыдай қазына есебінен  32 оқушыға мектепке қажетті спорт және мектеп формасы берілді.                                                                                                Жалпы 795800 теңгеге, демеушілік есебінен 556000 теңгеге, қазына есебінен 239000 теңгеге.

«Мектепке жол» акциясы оқу жылы бойы жалғасын табады.