телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Пәндік олимпиада - 2018

Жыл сайын оқушылардың білімін тексеру үшін өткізілетін пәндік олимпиада осы жылы да өз жалғасын тапты. Желтоқсан айында Лебяжі ауданының барлық мектептерінен Лебяжі мектебіне 8-11 сынып оқушылары жиналды. Олимпиада екі кезеңдік тур бойынша өтті. Аудандық олимпиададан І және ІІ орын алған оқушылар облыстық пәндік олимпиадаға жолдама алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша: Гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі пәнінен Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінен 11 «ә» сынып оқушысы Мұқтар Азиза, Потанинжалпы орта білім беру мектебінен 9 сынып оқушысы Кусаинова Айгерім, ағылшын пәнінен Потанин жалпы орта білім беру мектебінен 11 сынып оқушысы Бекбер Мадина облыстық кезеңге жолдама алды. Жаратылыстану-математика бағыттағы физика пәнінен Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінен 11 сынып оқушысы Шарупич Владислав, география пәнінен  Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінен 10 сынып оқушысы Данияров Бахтияр облыстық кезеңге жолдама алды. Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі 2018 жылдың 8 қаңтар күні Павлодар қаласының  №16 лицей-мектебіндеөтті.

 Аталған оқушылар 3 күн бойы 2 кезеңдік олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттар иеленді. Павлодар облысы бойынша 756 оқушы қатысқан олимпиада өз деңгейінде өтті. Қатысқан оқушыларға алдағы уақыттағы жаңа сайыстарына сәттілік тілейміз және ауданымыздан дарынды оқушылар шығатынына сеніміз мол.