телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Облыстық «Ақберен» байқауы

Облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 11 қаңтарда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей - интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Байқауға 5 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден қатысқан 83 оқушының арасынан 40 бала озып шықты.

Біздің Лебяжі ауданынан да озып шыққандар болды. Олар әр түрлі бағытқа бөлінді «Шешендік өнер» бағыты бойынша Мұқтар Азиза, «Ақындар мүшайрасы» бағыты бойынша Тілеуберді Ақжол, «Шығарма» бағыты бойынша Мұхтар Ергенжан, «Домбырада ойнау» бағыты бойынша Есбаев Елнұр қатысты.

«Шешендік өнер» бағыты бойынша Мұқтар Азиза ІІІ орын иеленді. Қатысқан оқушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.