телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Желтоқсан желі ызғарлы.

Биыл елімізде атаулы мерей тойлар қатарына тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен қатар  1986 жылғы 16 желтоқсан көтерілісіне де биыл 30 жыл толып отыр. осы мерекеге орай біздің мектепте де іс-шаралар өткізілді. Осы аталмыш іс-шараға сол желтоқсан көтерілісін өз көзімен көріп қатысқан біздің Аққу ауылының тұрғыны бірімізге әпке, бірімізге ана Алтынай апайымызды мектеп кітапханасына оқушылармен кездесуге шақырдық. Алтынай апай сол күнді қинала-қинала еске алды.  Оқушыларға сонау 1986 жылы болған оқиғаларын істеген ерліктерін қазақ   жігіттерімізбен қыздарымыздың қайсар мінездерімен  ұлтжандылықтарын қазіргі жас өспірім балаларға әңгімесін айтып берді.

Жас ұрпаққа елін сүюге, отанын қадірлеп қастерлеуге, құрметтеуге, еліміздің көк байрағы әр қашанда аспанымызда желбіреп, сұңқарларымыз   еркін қалықтасын деген жақсы тілек сөздер айтылды.

Оқушыларымыз да  16 желтоқсан құрбандарына деген ізгі ниеттерін «Көк тудың желбірегені» әнмен білдірді. Атай кететін сыныптардың бірі 7 «а» сынып   оқушылары. Осы  шараға ат салысып өз ой тілектерін білдірді.