телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл.

   Лебяжі жалпы орта білім беру мектебімізде Қазақстан Тәуелсіз Мемлекет атанғанына 25 жыл толуына орай   іс-шаралар  өткізілді. Акт залында оқушыларымыз шағын концерт өткізсе, дәлізде  тақырып бойынша Н.Ә.Назабаевтың кітаптар көрмесі қойылды.  Аталмыш мерекеге орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарына қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдік.

   «Қазақстан жолы», «Тарих тағылымдары және қазіргі заман», «Жүз жылға татитын он жыл», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл», «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері», «Ғасырлар тоғысында» .

     Елбасымыздың бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Тәуелсіздігіміздің бас жылы», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы - жаңарған Қазақстанға», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген. Мақсатымыз оқушыларға ел басымыздың атқарып жатқан еңбегінің жемістері мен алға қойған мақсаттарымен таныстыру. Елін сүюге, отанын қадірлеп қастерлеуге, құрметтеуге баулу.

Лебяжі жалпы орта білім беру мектеп кітапхнашысы Кумарова З., Биболова Ж.Ж.