телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
СЕМИНАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

  Қазіргі білім саласының ең басты мәселесі – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, білім дәрежесін және сыни тұрғыда ойлай білуге дағдыландыру болып табылады. Бүгінгі таңда Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кембридж университеті бірлесіп әзірлеген конструктивті білім берудің маңызы зор болып отыр. Дамыған елдердің қатарына қосылуда, болашақ жастарды тереңінең пайымдай білетін ұшқыр ойлы азамат етіп шығаруда және еліміздегі білім жүйесін жоғары дәрежеге жеткізуде бұл алғашқы бастама деп білемін. Оқушының өз бетінше ізденуі, сыни тұрғыдан ойлануы, сыныптастарымен өзара пікір алысуы, білім жолында әртүрлі дереккөздерд,і мұғалімнің айтқанын пайдалануы, осылардың барлығы сындарлы оқытудың теориялары деген тұжырымға негізделеді. Алдымызға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың негізгі бір бағыты – сабақ беруді жетілдіру, оның оқушыларға білім берудегі, іскерліктерін қалыптастырудағы ролін арттыру. Осы орайда 2014 жылдың

24 қараша күні Лебяжі ауданында Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының  Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі З.Н.Оразаева мен орталық тренері А.Ж.Несипбаева «Білім  сапасын арттыру жағдайларының бірі – білім мазмұнын, оқытудың формасы мен әдістерін жаңарту» тақырыбында көшпелі семинар өткізді. Семинар өз жұмысын аудан орталығының Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінің базасында өтті. Семинар жұмысына 50 мұғалім қатысты. Семинарға қатысқан мектеп мұғалімдері білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастырудың заманауи әдістерін игеруде мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру бойынша өз іс- тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік алды, ашық сабақтарға қатысты.Бүгінгі күннің заман талабына сай Лебяжі мектебінің ұстаздары география пәнінің мұғалімі Таласпаева Қ.Ш., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Кайроллинова С.А. 6 орыс сыныбында «Казахстан на карте мира» тақырыбында кіріктірілген сабақ берді. Сабақ екі тілде өткізіліп, оқушылардың  тілдік сауаттылығын дамытуда үлкен жұмыс жасалудың дәлелі болды. Сабақта оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану жөнінде көптеген ақпарат алдық. Кайроллинова Салтанат Аскаровна 7 б сыныбында «Профессии» тақырыбына ашық сабақ өткізсе, Жамбыл орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Базарханов Ердостың физикадан «Ауырлық күші» тақырыбы бойынша сабағы қазіргі жаңа технологиялар бойынша өтті.  Бұл сабақтардыың ерекшелігі  мұғалім шеберлік сыныбын өзі сабақ бермейтін сыныпта өткізді. Оқушылар мұғаліммен қарым-қатынаста еш қысылмастан сабақта белсенділік таныта алды. Ал мұғалім оқушыларды жаппай үдеріске тартып, қызықтыра отырып, сабақ тақырыбын түсіндіріп, бағалауды, кері байланысты іске асырды. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының  Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі З.Н.Оразаева  географиядан «Жер бедері» тақырыбына шеберлік сыныбын көрсетті.  Семинар соңында дөңгелек үстел өткізіліп, әр ауылдан келген қатысушы ұстаздар өтілген ашық сабақтар жөнінде талдауларын айтып, пікір алмасты. Әлем Жекенқызыбұл семинарда кіріктірілген сабақтың жоғары деңгейде болғандығын атап айтып өтті. Семинарға қатысушылар сабақта қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді, шет тілді түсінуге жағдай жасалғандығын айтып алғыстарын білдірді. Сабақты талдау үдерісінде қатысқан мұғалімдер ашық сабақтардың практикалық маңыздылығын, әр түрлі стратегиялар мен тәсілдерді көрнекті және тиімді пайдаланғанын, қатысқан мұғалімдер үшін сабақтардың тәжірибе алмасуда маңызы зор болғанын, әсіресе өткізген кіріктірілген сабақта мұғалімдердің екі тілді меңгертуі өте ұнағанын атап өтті. Сабақтардың  дидактикалық және әдістемелік бөлігінің өзара тығыз байланыста болып, сабақтардың табысты өтуіне және әлі де жетілдіру қажет тұстарына түрткі болған факторларға тоқталып, оның шешу жолдарын нақты белгілеу бойынша берген ұсыныстары біз үшін барынша құнды болды. Сонымен қатар, мұғалімдер көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, ұсыныс- пікірлерін білдірді. Білім сапасын арттыруда, іс-тәжірибені толықтыруда мұғалімдер үшін семинардың пайдасы айтарлықтай зор болды. Қоржындары әдіс-тәсілдермен, қажетті ақпараттармен толыққан ұстаздар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, жұмыстарына жаңа бағыт-бағдар алды. Қатысушылар тарапынан осындай семинарды аудан орталығында және жекелей мектептер базасында тағы да өткізу ұсынысы түсті. Мұғалімдер аталған ақпараттың маңыздылығын айта отырып, ұйымдастырушылар мен іс-тәжірибе бөліскен әріптестерге алғыстарын білдірді. Семинар соңында сауалнама толтырып кері байланыс жасалды. Мұндай семинарлардың әр ұстаз үшін, әсіресе шалғай мектептерінде жұмыс жасайтын ұстаздарға үлкен көмек екені мәлім.   

                                                                                 Б. Мырзатаева, Лебяжі жалпы                                                                                    орта білім беретін мектебінің                                                                                                  тарих пәнінің мұғалімі