телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
Лебяжі ауданында ресурстық орталықтың қысқы сессиясы өтті

         Білім бөлімінің «Ресурстық орталықтың оқу сессиясын ұйымдастыру» туралы 1.02.2016 жылғы №11 бұйрығы негізінде 15-17 ақпан күндері ауданымызда қысқы оқыту сессиясы ұйымдастырылды. Бұйрықта оқушылардың өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ, оқушыларды  тасымалдауға, тамақтануға, сабақ өткізген мұғалімдерге қаражат бөлінгені қарастырылған. 

         Сессия барысында 10-11 сыныпта оқитын Жамбыл орта мектебінің 20 оқушысы, Абай орта мектебінің 9 оқушысы, Потанин орта мектебінің 9 оқушысы, Бесқарағай мектебінің 9 оқушысы, Ямышева мектебінен 6 оқушы тасымалдандырылды.

              Ресурстық орталықтың оқу-тәрбие жұмысы «Оқу сессиясын ұйымдастыру бағдарламасы» және сабақ кестесі негізінде ұйымдастырылды.

Математика, физика, биология пәндерін оқытуға негізінен Лебяжі мектебінің мұғалімдері қамтылды. Қазақ сыныптарындағы биология пәнін, орыс сыныптарындағы математика пәнін өткізуге басқа мектеп мұғалімдері шақыртылды. Олар тәжірибелі, жоғары және бірінші санатты, облыстық сайыстардан жетістіктері бар Потанин мектебінің мұғалімі Каллямова К.А., Қазы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Абсолямов А.В.  

     Сессия ұйымдастырар алдында магниттік мектептерден биология, математика, физика пәндері бойынша бақылау жұмыстары алынып, саралау барысында магниттік мектеп оқушыларының жоғарыдағы пәндер бойынша нашар меңгерілген тақырыптары анықталды. Сол тақырыптар бойынша сессия барысында сабақтар өткізілді.

       Ресурстық орталыққа қамтылған барлық мұғалімдер сабақтарын инновациялық технологияға негіздей отырып, қызықты ұйымдастырды.

              Лебяжі орта мектебінің физика пәні мұғалімі, жас маман Тастанбекова А.Р. сабағын ерекше атап өтуге болады. Аға тәлімгер Жиеналина Г.Ж. ұйымдастырған сыныптан тыс іс-шаралары / тренинг,флещмоб, көңілді тапқырлар клубы / оқушылар көңілінен шықты. Барлық оқушылар ұйымдастырылған шараларға белсене қатысты.

 

Лебяжі орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Хадыс Табарак