телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» атты семинар өтті

«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» семинары

2018 жылдың 11 желтоқсан күні аудандық білім бөлімінің әдістеме кабинетінің және «Сенім» желілік қоғамдастығының жоспарына сәйкес А.Баймұлдин атындағы ЖОББ мектебінде ауданның биология және орыс тілі пәндері мұғалімдеріне арналған  «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды осы тақырып бойынша курс өтіп келген тренерлер А.Е.Кокишева және Б.К.Байсебенова өткізді.

Мақсаты: Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау саласында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: Түрлі тапсырмаларды әзірлеуге, оларды көрсетудің әртүрлі тәсілдерін қолдануға, әзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, тест сұрақтарының дұрыс жауабы мен дистракторларды шеберлікпен құрастыруға, тапсырма мен тест сұрақтарының мазмұнын талдай білуге және пән бойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс құруға үйренеді.

Семинарға 17 мұғалім қатысты.Презентация арқылы семинар тақырыбын анықтады. Тренерлер мұғалімдерді топқа бөліп, тапсырмаларымен таныстырды.

Семинар 2 кезеңнен құрылды.1-шісі теориялық,2-шісі практикалық.Мұғалімдер семинарға қызығушылықты танытып,белсенді жұмыс істеді.Әр топжиынтық бағалауға арналған тапсырманың қандай оқу мақсатына сәйкес әзірленгенін және бағалау критетийлерін дайындап,таныстырды.Жасалған жұмыстары тренерлердің керібайланыс беру арқылы талқыланды. Семинар алға қойған мақсатына жетті.