телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
«Сенім» желілік қоғамдастығының «Педагогтердің желілік қоғамдастығы кәсіби қызметті дамыту құралы ретінде» коучинг-сессия отырысы бойынша ақпарат

28 қарашада Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Сенім» желілік қоғамдастығының бірінші отырысы өткізілді. Бұл қоғамдастықтың мүшелігіне Малыбай, Қазы, Ә.Баймұлдин атындағы, Тақыр жалпы орта мектептері мен Қазантай негізгі мектебі кіреді.

Малыбай ЖОББМ мектеп тренері Мукатаева Ж.Т. қатысушылармен танысу және проблемаларды анықтау мақсатында «Өрмекші торы» тренингін, желілік қоғамдастық, оның міндеттері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Педагогтердің желілік қоғамдастығы кәсіби қызметті дамыту құралы ретінде» коучингін өткізді.  

Сонымен қатар, отырыс барысында қатысушыларды топқа бөліп, мектептерде кездесетін ортақ проблемалар анықталды. Анықталған проблемаларға байланысты «Аялдама» әдісі арқылы «ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары», «ЖҚ өткізілетін іс-шаралар», «Мектептерде Lesson Study өткізу», «Тәлімгерлікті ұйымдастыру»  тақырыптары талқыланып,   биылғы оқу жылына арналған жоспар құрастырылды.