телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
«Естелік поезі Қазақстан -2050 стратегиясы» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Балхиянов Тапау атаны еcке алуға арналған мектепішілік спартакиада

Жақсының аты өлмейді...

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  жыл сайынғы халқына арналған жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау шараларына көп көңіл бөлуді атап көрсетеді. «Тазалық - саулық негізі, саулық байлық негізі»,- деп бекер айтпаған. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар ғана жасай алады. Сондықтан, салауатты өмір салтын әсіресе, жас ұрпақтың бойына терең сіңіру.


         Осы мақсаттарды іске асыру барысында жылдағы мектепішілік  дәстүрімізге айналған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, өз елім, жерім деп Отан үшін от кешкен аталарымыздың ерліктерін  насихаттау және  қадірлі де ардақты жерлестеріміздің есімдерін ұмытпай бұқаралық спортты дамыту мақсатында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы, «Естелік поезі Қазақстан -2050 стратегиясы» жобасы аясында, Павлодар облысының 80 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығына орай С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта мектебінде оқушылар арасында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Балхиянов Тапау атаны еске алуға арналған мектепішілік  спартакиадасы  өтті.

         ІV мектепішілік  оқушылар спартакиадасына Балхиянов Тапау атамыздың балалары, туған- туыстары, немере, шөберелері, басқа да жарысқа қатысушылар келді.

         Спартакиаданың ашылу салатанатына еліміздің желбіреген көк туы енгізіліп, мемлекеттік әнұран орындалды. Келесі кезекте,  эстафеталық  кубокты Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Балхиянов Тапау атамыздың ұрпақтары мектебіміздің директоры Батталова Жайрангүл Қайсақызына табыстады. Мектеп директоры   құттықтау сөз сөйлеп,  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің еңбектерін  құрметтеу, бұқаралық спортты  насихаттау барысында жыл сайын осындай іс-шаралардың   өтуі  жасөспірімдер үшін маңызы  зор екенін атап өтті. Бүгінгі жарысқа келген Балхиянов Тапау атаның ұрпақтарына алғыс айтып, жарыстың сәтті өтуіне тілек білдірді. Мектебімізде әкесінің жолын қуып көп жыл еңбек еткен ардагер ұстазымыз орыс тілі пәнінің  мұғалімі Балхиянова Мунира Тапауқызы сөз сөйлеп,  әкесі жайлы естеліктер айтты. 1922 жылы Қызыл-Тұз ауылында, қарапайым шаруа отбасында дүниеге келгенін. Орта мектеп 7 класты бітіріп, Май ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарғанын. Ағасы Арынның қолынан соғысқа аттанып, әуе атқыш әскери мамандығымен гвардия аға сержанты атағымен соғыста болған.1946 жылы қатты жарақат алып, әскери қатардан шыққын.  Елге оралғаннан кейін көп жылдар қолына қалам алып ұстаздық қызметпен, басқарушылық қызметті қатар алып жүрген өнегелі  жан екенін атап өтті.

ІV мектепішілік  оқушылар спартакиадасының салтанаты мерекелік концертпен жалғасты. Мектебіміздің оқушылары  Болат Рыспек « Астана» әнімен жырдан шашу шашса, Нұрбекұлы Бекарыс жерлес ақын Рашид Сәбитов атамыздың «Қазақпын» өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыса, Балхиянов Тапау  атамыздың шөбересі Уахитов Жақсылық әуелетіп ән орындап, бишілеріміз флешмоб биледі.

Балхиянова Гүлмайра Тапауқызы оқушыларымыз көрсеткен  өнерлеріне тамсанып, өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Денешынықтыру мұғалімі Магзумов Талғатбек Уахитұлы жарыстың шартымен, өтілу барысына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Атамыздың ұрпақтары бүгінгі өтетін іс-шараға арнайы ас  әзірлеп, барлық қатысушылар мен қонақтарға дәм татқызды.

Спартакиаданың қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімінде Ямышев  ауылдық округ әкімі Рахметова Бақытжамал Қабиденқызы құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.

 Қорытындысында 2-5-сыныптар арасында  шахматтан І орын Әлібек Нұрхат, ІІ орын Айтимов Али, ІІІ орынды Батталов Абат иеленді. Шахмат 6-сынып оқушысы Бактес Бекзат І орын.

«Нысанаға ату» қыздар арасында І орын Иманкулова Самал, ІІ орын Болатова Айнаш, ІІІ орынды Жасқайратова Диляра қанжығасына байлады.

«Нысанаға ату» ұлдар арасында І орын Тендыков Ерзат, ІІ орын Уахитов Шыңғыс, ІІІ орын Шапике Келдібек иеленді.

«Үстел теннисінен» қыздар арасында  І орын Алибекова Жанерке, ІІ орын Болат Арайлым, ІІІ орынды  Иманкулова Самал алды.

«Үстел теннисінен» І орын Уахитов Шыңғыс, ІІ орын Ермұқан Ерназар, ІІІ орын Алибеков Нұрәділ иеленді.

«Үстел теннисі» әйелдер І орын Мубаракова Балжан, ІІ орын Кунафина Бахыт, ІІІ орын Шакенова Шынар алды.

«Үстел теннисі» ерлер жастар І орын Уахитов Жақсылық, ІІ орын Қайса Қуандық, ІІІ орынды Иманкулов Аманжол қанжығасына байлады.

«Үстел теннисі» ерлер үлкендер І орын Ахметжанов Мұрат, ІІ орын Базарханов Жанат, ІІІ орын Иманов Ермұхамбет иеленді.

Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі мадақтамалармен, медельдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.