телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
"Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқанының онкүндігі

С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 2017 жылдың 20 қарашадан бастап 29 қарашаға дейін "Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" атты республикалық ақпараттық науқаны аясында жоспар құрылып, іс - шаралар өткізілуде. Аталмыш науқан "Балалық шақ - мейірімділік мекені" ұранымен жүргізілуде. Ақпараттық науқанның басты мақсаты: балаларға қатысты зорлық- зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Мектеп оқушылары "Біз әлемді өзгертеміз, зорлықсыз әлемді қалай құруға болады" тақырыпта эссе жазды. Бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер сайысы өткізілді. "Балалық шақты қорғайық" атты ақпараттық бұрыш жасалды. "Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" онкүндігі аясында кешкі рейдтер мен сынып сағаттары жүргізілуде.