телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
"Ашық есік күні"

2018 жылдың 07 ақпанында аудандық білім бөлімінің және Ямышев ЖОББ мектептің даму жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» ұйымдастырылып өткізілді.

Алдын ала шақырылған мектептерден Тлектес ОМ, С.Сатыбалды атындағы ОМ, Потанин ОМ мұғалімдері қатысты.

Келген қонақтар алдымен мектеппен танысты. Жоспарланған бағдарламаға сәйкес шара психологиялық таныстыру тренингтерінен бастап, қатысушыларды жан-жақты ашуға тырыстық. Сонымен қатар бұл күні математика пәнінің мұғалімі Ж.С.Кобайдарова, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі И.Я.Маринова, математика пәнінің мұғалімі В.И.Колишева, тарих пәнінің мұғалімі Г.И.Сироткина, бастауыш сынып мұғалімі Қ.Е.Жубаева сынды жоғары санаттқа аттестатталатын мұғалімдер ашық сабақтар беріп,  шебер-сыныптарымен бөлісті. Сонымен қатар, технология пәнінің мұғалімі Е.А.Панасюченко «Хозяюшки»,  бастауыш сынып мұғалімі К.В. Сакиянова «Дружба начинается с улыбки» тақырыптарында сыныптан тыс ашық іс-шараларын өткізді.  Келген қонақтарға арнайы «Оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктері мен ойлау дағдыларындағы диалогтік оқытудың ролі» тақырыбында Кобайдарова Ж.С. коучинг жүргізді. Шара соңында мектебіміздің психологы Р.Р.Жужаева «Мұхит» релаксациясы тренингін өткізіп, соңынан рефлексия жасады. Нәтижесінде келген қонақтарымыз «Тілек ағашына» тілектерін қалдырып, мектеп ұжымына  ризашылықтарын жеткізді.