телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
«Жас Ұлан- қырандай қарышта!» атты іс-шара өтті

Шарбақты жалпы орта білім беретін мектебінде

Тұңғыш Президент күніне арналған

«Жас Ұлан- қырандай қарышта!» атты

іс-шарамыздың өтуі туралы ақпарат.

Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдерұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған.

Шарбақты жалпы орта білім беретін  мектебінде  ТұңғышПрезидент күні қарсаңында орай2018 ж. 29 қараша "Жас Ұлан қырандай қарышта" атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Мектеп сахнасында Қазақстан Республикасының  әнұраны  шырқалды.

Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары ретінде қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау кешінде «Жас қыран» және «Жас ұлан» ұйымдарының мақсат-міндеттері, ережелері таныстырылды. «Жас Ұлан» ұйымына 1-5 сынып оқушылары  қабылданды. « Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушылар анттары берілді. Мемлекеттік Ту салтанатты түрде шығарылып, «Жас Ұландықтарға» егемен еліміздің еңселі азаматтары болыңыздар деген тілекпен салтанатты жиын соңы патриоттық әндерге ұласты.