телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
«Ұстаз- ұлы тұлға!» атты іс-шара

 

Ұстаздар күніне арналған

«Ұстаз- ұлы тұлға!» атты іс-шарамыздың өтуі туралы ақпарат.
Мұғалімдер күні – бұл бір көңіл толқитын ерекше мереке. Бұл күні мұғалімдерді ерекше  қадірлеп, өз өмірлерін балалардың болашағы үшін жұмсаған адамдар үшін көптеген көңіл бөлінді.  

      Жылдағыдай  бұл  күні мектепте өзін-өзі басқару күні өтті. Бұл күні оқушылар мектепті басқару  тізгінін өз қолдарына  алды. Дайындық  жұмыстары алдын ала басталды. Бұл жұмысқа ең жауапты оқушылар таңдалып алынып, жұмыс жоспарлары құрылды. Мектеп  директоры  болып  11 сынып  оқушысы  Шалабаев  Адильхан таңдалды. Мектеп директорының орынбасарларына да 11 сынып оқушылары, ОІЖДО бойынша Қизат Дильназ,

 ТІЖДОбойынша  Каримова Айданатағайындалды.

       Ең қиындық және жауапкершілік мұғалім-оқушылардың иықтарына жатты, себебі оларға сыныптарда тәртіп орнату қиынға түсті.

      Өзін-өзі басқару шарасы оқушыларға мұғалімнің жұмысының қиындықтарын түсінуге мүмкіндік берді. Оқушылардың көпшілігі таңқалғандарын айтты, мұғалімнің күнделікті бірнеше сабақа дайындық жасап, сабақ жоспарларын жазып, қаншама жаңа материал дайындап, сабақты жүргізу әдісін таңдайтынын білмепті де. Бүгін мұғалімдердің орнын оқушылар басып, сабақтар жақсы деңгейлерде өтті.   

Жұмыс күні оқушылардың күшімен дайындалған мерекелік концертке жалғасты. Концертте  көрермендер қатарын  педагогика  ардагерлері  мен  ата-аналар  толықтырды. 11 сынып оқушылары қонақтарды гүл шоқтарымен қарсы алды. Мұғалімдер күніне арналған  мереке жақсы өтті.

Өзін-өзі басқару  күніөтті, бір күн болса да алға қойған мақсатты орындап, мұғалімдердің сенімін ақтадық деп ойлаймыз.