телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
«Қарттарға қайырымдылық!» атты іс-шара

Қарттар күніне арналған

«Қарттарға қайырымдылық!» атты іс-шарамыздың

өтуі туралы ақпарат.

Қарттарға қайырымды болу мектептен басталады!

                                                

 

Шарбақты орта мектебінің 8- сынып оқушылары Аға тәлімгер Ляйля Қазбекқызы  және алғашқы әскери дайындық жетекшісімен Сағат Олжабековичпен бірге «Біз әрқашан көмекке дайынбыз!» ұранымен ауыл қарттарына көмекке барды. Олар оқу жылы басынан өздеріне бекітіліп берілген  қарт адамдармен тығыз қарым-қатынаста. Оқушылар қамқорлыққа алған зейнеткерлердің үй шаруасына көмек жасауды ұмытпайды.Ең алғаш болып ардагер ұстазымыз Мозговая   үйіне барып үйінің маңатын тазалады.Қашан да ауылдың үлкендеріне сәлем беріп, оларға көмек беру әр жастардың бойындағы қасиет емес пе, сондықтан оқушылар көмекке баруға әрқашан дайын! Бір ерекшеліктері-олар қарттарға үй шаруасында көмектесіп қана қоймай, қариялардың өмірбаяндарымен танысып, ол кісілердің өмірлік тәжірибелерінен үлгі-өнеге алады. Оқушылар қарттарды мереке күндері де назардан тыс қалдырмайды.