телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
"Берекелі күз"

Күз мерекесіне арналған

«Берекелі күз» атты іс-шарамыздың өтуі туралы ақпарат.
 21.09.18 жылы «Берекелі  күз» атты күзгі мереке  1-11 сыныптар арасында өткізілген болатын.

        1-4 сыныптар аралығында оқушылар күзге сәйкес котюмдарын киіп дайындаған тақпақтарын,әңдерін,билерің және көріңістерің ортаға салды.

        Жеміс – жидек,көкөністердең әртүрлі мүсіндер жасалды, дәмді әсем безендірілген салаттар әкелінді. Балалар әдемі киімдерін киіп ойын ойнады, қыздар жапырақ-

тар биін биледі.

    Оқушылар мерекенің соныңда дипломдармен марапатталды.

Күз мерекеміз «Берекелі күз» атты 5-11 сыныптар аралығындағы мерекемен жалғасты.

 Негізгі аталмыш мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаларды қамтыған сайыс түрінде өткізілді. Сайысқа әр сыныптан 1 жұп қатысты. Барлығы 8 жұп болды. Олар: «Асқабақ», «Смузи», «Дінке», «Повелитель осень», «Бондуель», «Күншуақ», «Күнбағыс», «Листопад»  болып сайысқа түсті. Сайыс бағдарламасы 3 бөлімнен құралды:

  • өзін-өзі таныстыру (сол топтың атына сәйкес);
  • аспаздық сайыс;(датарханды қорғау)
  • өз өнерін көрсету;

       Жоғарыда айтылған турлар бойынша әр жұп жоғарғы деңгейде өнерлерін көрсетті. Әділ-қазылар алқасы ортақ шешімге келіп, алайда сайыс қортындысы бойынша қалыс қалған жұп болған жоқ. Әрқайсысының көрсеткен өнерінің артықшылықтарына қарай номинациялар бекітілді, атап айтатын болсақ, 1-3 орындар және «Ең өнерлі жұп» және номинациялары бойынша барлық сайыскерлер марапатталды. Қатысқан жұптарға тиісінше бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

      Сайыс көрермендер тарапынан да, келген қонақтар тарапынан да жоғары дәрежеде бағаланды. Жалпы қорыта айтқанда, күзгі бал мерекесі өте жоғары дәрежеде аталып өтілді.