телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
С днем учителя!
"22 қыркүйек-тілдер күні"

16 қыркүйектен бастап 22 қыркүйек аралығында мектебімізде тілдер мерекесіне арналған "Ұлттық құндылық негізі-тіл" атты онкүндік өтті. Мектепішілік "Тарихымның шежірелі дастаны". "Тілім менің, тірлігімнің бастауы" атты іс – шаралар жоспары құрылды. Өткізілетін мерекелік іс-шараларға гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдері жауапты болды. 

Мектеп кітапханасында "Бір ел-бір кітап" атты кітап көрмесі, суреттер сайысы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары көрмемен танысты. Кітап көрмелері мен суреттер сайысы өтіп,белсенді араласқан жекелеген оқушылар марапатталды.Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Янцен О.И.кітапханада "Ақындардың сұлтаны-Сұлтанмахмұт" атты кітап көрмесін ұйымдастырып, бастауыш сынып оқушыларымен әңгімелер өткізді. Кітап көрмесі оқырмандар тарапынан жоғарғы бағаға ие болды.

18 қыркүйек күні 5-10 сынып оқушылары арасында "Тіл-рухани қазына" тақырыбында қабырға газеттер, суреттер сайысы өтті. «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты сынып сағаттары өткізілді. 5-7 сынып оқушыларының арасында «Әріптің маржан тізбесі» атты үздік каллиграфшы және «Ана тілім-айбыным» атты мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді.

19 қыркүйек күні мұғалімдер: Нургалиева Д.А. "Тілдің кілті-Тарих" атты 8-9 сынып оқушылар арасында интеллектуалды ойын өткізді. Ойын өте тартымды да, қызықты өтті. Әр топ мүшелері белсенділік танытып, сайыс көңілді өтті.

20 қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Смагулова Н.Ш., Тогузбаева К.Е. 6-8 сынып оқушыларымен интеллектуалды ойын өткізді. 7-8 сынып оқушыларымен ағылшын тілі мұғалімдері Нуралиева З.М., Иманханова Г.Е. «Телекөпір» өткізді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына арнап үш тіліде саханалық қойылым ұйымдастырылды.Көрермендер тарапынан жоғарғы бағаға ие болды.

21 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Досымгожина Н.Б., Мусжанова А.Д. 5- 7 сынып оқушыларымен «Сөз жүйрікте кім жүйрік?» атты интеллектуалдық-танымдық ойын өткізді. Бұл өткізілген ойындар қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сай екендігі, оқушылардың белсенділігі, тілге деген қызығушылығы ерекше атап өтілді. 

Апталық "Ұлттық құндылық негізі-тіл" атты фестивальға ұласты. Бұл фестивальда белсенді және жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Фестиваль оқушылар мен ұстаздардың «Әрқашан күн сөнбесін» атты әнді орындаумен аяқталды.

"22 қыркүйек-тілдер күні" атты екі ауысымда линейка өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, өзге ұлт тілін құрметтеп, өз ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатын қамтыды. Бұл мереке халықтардың достығын, ынтымақтастығын , бірлігін күшейте түскені анық.