телефон доверия
87183921303
Меню
С днем учителя!
Сабақты болдырмау туралы ақпарат
Полезно
Статистика
За год32248
За месяц3387
За неделю826
Вчера353
Сутки1
Итоги конкурса лучший учитель начальных классов

Аудан мектептерінде  2017-2019  жылдарға арналған  бастауыш сыныптар бойынша даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын, ойы терең, кәсіби шеберлігі мен функционалдық сауаттылығы жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар бастауыш сынып мұғалімдерін анықтау мақсатында     2018 жылдың мамыр айының 17 күніЛебяжі ЖОББМ базасындааудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2018» байқауы өткізілді.

Байқауға 14 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Тәжірибе жинап жүрген жас мамандар мен озық педагогикалық дәрежесі қалыптасқан жоғары санатты ұстаздар бақ сынасты. Байқау ережесіне сәйкес 3 кезеңнен тұрды.  «Мен – мұғаліммін!»   өзін-өзі таныстыру кезеңінде мұғалімдер заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін ауызша ұсынулары қажет болды. Мұғалімдердің барлығы бұл кезеңге шығармашылықпен дайындалып,  қойылған талаптарға жауап беруге тырысты. 

«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,  ал оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның мұғалімдігі де жойылады», - деген  К. Д. Ушинский. Расымен де қазіргі таңда білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекет дамуының құралы болып табылады. Байқаудың екінші кезеңінде  қатысушы мұғалімдер өз білім жетілдіру  тақырыптары бойынша  жұмыстарын ұсынды.

Ал байқаудың үшінші кезеңінде  ұстаздар авторлық әдістемелік құралдарын презентациялады. Әдістемелік құралдардың өзектілігі,  жұмыстың мазмұны қойылған мақсат пен міндеттерге сай болуы, мұғалім тәжірибесінің жаңашылдығы, басқа мұғалімдердің қолданылуына мүмкіндіктері, материалдың білімділік, тәжірибелік, әдістемелік құндылығы, әзірлену деңгейі қаралды.

Білім бөлімі әдістеме кабинетінің әдіскерлерінен құралған қазылар алқасының шешіміне сәйкес  байқаудың жеңімпазы, яғни «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» болып Б.Уахатов атындағы бастауыш сынып мұғалімі  Жұлдыз Қабдылмажитқызы Құсайынова анықталды. Екінші дәрежелі дипломдармен  Лебяжі ЖОББМ мұғалімі Гүлбаршын Нұртазақызы Тұрсынбаева, Ямышев ЖОББМ мұғалімі Ксения Владимировна Сакиянова марапатталды. Ленин ЖНББМ мұғалімі Баян Егеуқызы Аубашева мен Тілектес ЖОББМ мұғалімі Гүлнар Казизқызы Шигерова үшінші дәрежелі дипломдарды иеленді. 

Қатысқан мұғалімдердің педагогикалық еңбек жолындағы тәжірибелері де әртүрлі. Соған қарамастан, жас мұғалімдер де өздерінің мүмкіндіктерін барынша көрсете білді. Атап айтсақ, А.Баймұлдин атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Сержан Жанболат, Потанин ЖОББМ мұғалімі Сауле Саматаевна Саматова  және Шарбақты ЖОББМ  мұғалімі Қымбат Ерікқызы Боранбаева номинация иегерлері атанды.

Мұғалімдер арасында ұйымдастырылатын  кәсіби байқаулардың мақсаты  шығармашылықпен жұмыс жасайтын, ойы терең, кәсіби шеберлігі жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар мұғалімдерді анықтаумен шектелмейді. Яғни мұғалімдер тәжірибесімен  бөлісуіне, белсенділігін, шығармашылық ізденісін  көтеруге ықпал ету болып табылады.

Еліміздің  жарқын болашағы болып табылатын жас ұрпаққа жаңа заман талабына сай білім беру - ұстаздар қауымына артылған жоғары міндет. Сондықтан да педагогтардың кәсіби дамуы мен олардың жаңа мүмкіндіктеріне жасалатын жағдайлар бір сәтке де толастамауы тиіс және өз біліктілігін арттыру мақсатында мұғалімдердің де тынымсыз еңбек етуі қажет.

 

 

Білім бөлімінің әдіскері    А.Бекужа