телефон доверия
87183921303
Меню
С днем учителя!
Сабақты болдырмау туралы ақпарат
Полезно
Статистика
За год30600
За месяц5163
За неделю653
Вчера212
Сутки3
"Желілік қауымдастық маңыздылығы мен атқарар рөлі"

Жаңа ғасырдағы жаңа талаптар педагог қызметінде жаңа бағыттарды, жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілейді. Оларға қол жеткізу жалғыз мұғалімге оңайға соқпайды, бірақ білім процесіне жаңа тұрғыларды енгізіп жүрген тәжірибесі бар және сол тәжірибесімен бөлісуге даяр мұғалімнің көмегімен бұл жағдайдан шығуға болады.  Мектептер арасындағы ынтымақтастық, озат тәжірибені тарату және жинақтауға, пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға, педагогикалық идеялармен алмасуға, тез дамитын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға болатын жаңа мәселелерді талқылап, шешуге қажеттілік туындап отыр. Бұл мәселелерді іске асыру үшін заманауи падогогтар қоғамының тіршілігінде желілік қауымдастық ұғымы пайда болды.  Педагогтардың желілік қауымдастықтары— кәсіби ортаны қалыптастыратын бірден-бір нәрсе. Педагогтардың желілік қауымдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ проблемамен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы. 

 Ұстаздардың жаңашыл, кәсіби шебер ұстаз болып қалыптасуына, оқыту мен оқудың нәтижесін жақсартуда бүгінгі таңда желілік қауымдастық қызметінің берері көп екендігіне аз уақыттың ішінде көз жеткізуге болады.

Желілік қауымдастықтар жұмысын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 31 қаңтар күні Лебяжі ауданы Қазы ЖОББМ базасында "Сенім" желілік қауымдастығы құрылып, бірінші семинар-коучинг отырысы өтті.

Аталмыш семинарға ауданымыздың Қазы орта мектебі, Баймолдин атындағы орта мектеп, Тақыр орта мектебі, Қазантай негізгі мектебі және Малыбай орта мектептерінің басшылары мен деңгейлік курстан өткен сертификатталған мұғалімдері қатысты.

Семинар басында педагогикалық желілік қауымдастығының модераторлары Қазы ЖОББМ директоры Абсолямова Гульнара Владимировна "Сенім" желілік қауымдастығының ашылуын ұйымдастырса, осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі, І деңгейлі ұстаз Жупарбеков Меиржан Махамбетумбетович "Желілік қауымдастықтың педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттырудағы рөлі" коучингін өткізді. Коучинг барысында қатысушылар топтық жұмыс арқылы  педагогикалық желілік қауымдастықта жұмыс істеуде кездесетін кедергілер, оларды шешу жолдары, желілік қауымдастықтың жоспарында атқарылатын іс-шаралар, кәсіби желілік қауымдастықтың негізгі принциптері, мақсаты мен міндеттерә сияқты мәселелерді зерттеп, талқыға салды. Сонымен қатар,  желілік қауымдастықта қатысушылардың өзара байланыс жасаудың негізгі түрі –  жаңаша ақпараттық технологияларды пайдалану өз көмегін тигізітен таптырмас құрал деп есептейді. Осыған байланысты желілік қауымдастықтың Интернет желісі арқылы байланыс жасау, файлдармен қашықтықтан алмасу мақсатында kundelik.kz порталы арқылы топ құрылды.

Семинар соңында барлық қатысушылар педагогикалық желілік қауымдастығының бірінші жартыжылдығына жоспар құрастырып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды жоспарлады.  

Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға аталған іс-шараны жоғары деңгейде өткізгендерін және ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс білдіре отырып, "Жұмыла атқарған жүк жеңіл"- демекші алдағы уақытта "Сенім" желілік қауымдастығының жұмысы алға басады деген сенімдеміз.

 

Малыбай ЖОББМ

Директордың әдістеме ісінің орынбасары

Жумабекова М.О.